Ирақтағы "ИМ "террористік ұйымының сапында жүрген Ресей азаматтарының саны 2 мыңға жеткен. Бұл туралы РФ ФСБ директоры Александр Бортников мәлімдеді, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы. Осы күнге дейінгі ресми статистикаға сүйенсек, Сирия мен Ирақтағы халифатшы террористердің саны былтырғымен салыстырғанда екі есеге артқан. "Бізге ең бірінші сақтық керек. Егерде содырлар елге қайтып жатса, оларды қатаң бақылуада ұстауымыз керек. Бұл қандай да бір террорлық әрекеттің алдын алуымызға мүмкіндік береді. Сондай-ақ, Ислам халифатшыларының қатарына аттанып жатқан азаматтардың жолын дер кезінде бөгеу және оларды қылмыстық жауакершілікке тарту керек",- деді Александр Бортников. Бүгінде әлемнің 100 елінен 20 мыңға жуық азамат ИШИМ-нің қатарына қосылған. Осыған орай, АҚШ астанасы Вашингтонда Президент Барак Обаманың инициативасымен жеделдетілген форум өткен болатын. Форумға 60 мемлекеттен делегаттар қатысты. Форум барысында Сирия мен Ирақтағы "Ислам халифатын" құруды көздеген, "Ислам Мемлекеті" деген атпен белгілі террористік ұйыммен күрес барысы талқыланды. Бүгінгі күнде "ИМ"-нің аса жауыз жендеттері мыңдаған бейбіт тұрғындарды өлтірген.