Тоғызқұмалақтан топ жарғандар

/uploads/thumbnail/20170708165847612_small.jpg

Жақында Алматыдағкы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінде тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының кубогі үшін жарыс өтті. Бір аптаға созылған ақыл-ойдың сайысында 10 облыс пен 2 қаладан 12 команда ой жарыстырды. Командалық есепте 1 орынды Ақтөбе, 2 орынды Қызылорда, 3 орынды ОҚО  місе тұтты.  Осы жарыста Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті көп күш шығарды. Жалпы аталмыш университетте 2010 жылдан бері тоғызқұмалақ қарқынды дамып келеді. университеттегі тоғызқұмалақтың жаттықтырушысы, ҚР-дың тоғызқұмалақ құрама командасының мүшесі, спорт шебері,  халқаралық және республикалық тоғызқұмалақ ойындарының жеңімпазы Молдахметова Айнұр Шахарқызы бастаған топ тоғызқұмалақтан топ жарып келді.  Жекелей есепте Айнұр жетекшінің өзі 1 орын алса, шәкірті Бостандқов Бексұлтан жастар арасында қола жүлдегер атанды.Елубаев Гүлшира, Асанебеков Сымбат, Есіркепова Арайлым, Әліпұлы Әлһам, Оңалсынқызы Дана, Аманжолқызы Арай атты шәкірті де үмітті ақтады.  Бізде қазір тоғызқұмалақ спорты дамып келеді. Елімізде арнайы тоғызқұмалақ қауымдастығы да бар.  Қауымдастықты Әлихан Мұхамедияұлы Бәйменов басқарып отыр. Тоғызқұмалаққа қызығушылық танып отырған елдер күннен- күнге көбеюде. Тоғызқұмалақпен қазір Қазақстанда айналысатындардың саны 100 мыңға жеткен. Ал әлемнің Чехия, Қытай, Ресей, Қырғызстан, Қарақалпақстан, Швейцария, Моңғолия, Германия секілді елдерінде  үнемі жарыстр өтіп отырады. Мысалы ең бірінші  тоғызқұмалақтан әлем чемпионаты 2010 жылы    Чехияда өтті.  Айнұр ханым тоғызқұмалаққа шетелдердің қызығуын оның миды дамыту рөлінің жоғарылығымен түсіндіреді.  Қазіргі кезде Ресейдің мемлекеттік университетімен тоғызқұмалаққа келісім-шарт жасалу үстінде. Егер нәтижелі болса бұдан былай ондағы студенттерге тоғызқұмалақ спорт түрі ретінде өтілмек.  Қытайлардың да тоғызқұмалаққа аңсары ауып отыр. ҚР мен ҚХР арасында жыл сайын достық кездесу болып, ойыншылардың тәжрибесі ауысып тұрады. Жақынғы жылдарда Қытайдағы Шынар Қапан  есімді қандасымыз  Қазақстанға келіп тоғызқұмалақтың қыры мен сырына үңіліп жүр екен. Білуімізше мақсаты ұлттық ойынымызды арғы беттегі қандастарға да таныстырып, керегесін кеңейту. Ғалымдардың пікірінше тоғызқұмалақтың пайда болғанына 4 мың жыл уақыт болыпты. Тіпті бұдан да тамыры терең дейтіндер де бар. Қалай болғанда да тоғызқұмалақтың даму кезеңі әлі алда.  Біздің тілеріміз - тоғызқұмалағымыз қымыздың  кебін киіп, басқа елдің атына жазылып кетпесе болғаны…

IMG-20150213-WA0020 IMG-20150213-WA0029 IMG-20150213-WA0056 IMG-20150213-WA0089   Бірлесбек Саягүл

Қатысты Мақалалар