WBA және IBO чемпионы Геннадий Головкин (31-0, 28 КО) британдық боксшы Мартин Мюррейге (29-1-1, 12 КО) қарсы жекпе-жек қарсаңында өз қарсыласын қиын оппонент ретiнде санайтындығын айтқан болатын. 
Бiрақ бұған өзi өсiп-өскен қалада бала кезден үйренiсiп кеткенiн де жасырмады.
Еске салайық, Головкин мен Мюррей жекпе-жегi 21 ақпанда Монте-Карлода өтті. Бiрер күндер бұрын олар ресми салмақ өлшеу рәсiмiнен өттi.
"Қарағанды - өте қауiптi қала. Мен өз достарыммен стадионға барып, онда төбелесетiнмiн. Егер қаланың өзге ауданында жүрсең, тағы да төбелес болатын. 16-17 жыл бұрын мен өскен қалада өте қауiптi едi. Көшеде ең мықты екенiңдi дәлелдеу керек болатын. Бұл менiң балалық шағым едi, жасым небәрi 12-13-14-те. Бұл менiң қалыпты өмiрiм болатын. Бұл соншалықты керемет деп айта алмаймын. Қиындау болатын, өте қауiптi", - деп атап өттi боксшы BoxingScene сайтына берген жауабында. ҚазИнформ