Ақтөбеде мектепке хиджап киіп келетін 33 оқушы қалып отыр. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев айтты, деп хабарлайды Qamshy.kz ақпарат агенттігі.
— Хиджап мәселесінде заңға сәйкес жүйелі жұмыс жүргізіп жатырмыз. Ол жұмыстарды ары қарай жалғастырамыз. Оған қоғамдық ұйымдарды да жұмылдыру қажет. Бізде хиджап киетін балалардың саны 530 болатын. Қазір 33 бала қалды. Олардың ата-аналарымен жұмыс істеп, түсіндіріп жатырмыз, - деді облыс басшысы.
Пікір қалдыру