Кореяға ұшақ сыйлаған Басбай кім еді?

/uploads/thumbnail/20170708170120965_small.jpg

Қытай жұртында «Басбай» атын естімеген қазақ жоқ. Шыңжаң өлесінде «Басбайдың» жомарттығы туралы айтылатын аңызға бергісіз әңгімелер шаш-етектен. «Алаштың атымтайы» деп атауға лайық ақсүйек аталарымыздың бірі осы – «Басбай» бабамыз болса керек.

Басбай Шолақұлы – 1889 жылы ҚХР Шағантоғай ауданы, Барлық тауы бөктеріндегі жиек ауылында дүниеге келген. Басбай ат жалын тартып, азамат болған соң әкесі еншіге 150 қой, бір айғыр үйір жылқы береді. Есті азамат бір малын екеу қылудың жолын қарастырып, алғашқы қадамын етті мол беретін күрең қасқа қой тұқымын жетілдіруден бастайды. Тынымсыз еңбектің арқасында байлығы лықсыған Басекең кейін келе елінің қорғаны, жұртының басшысы болады. Басекеңнің бүкіл Қытайға аты мәшһүр болуындағы бір әңгіме мынау болатын. Ол кез Қытай мен Жапонның соғысып жатқан кезеңі еді. Алақан жайып келген Үкімет өкілдеріне 500 атты ер-тұрманымен жетектетіп жіберген қазақ байына бәрі таңғалған. Тіпті бүкіл Қытайлық «Амеркиаға қарсы тұрып, Кореяға көмек беру» науқанында, бір ұшақты жылуға атай салған Басекеңның жомарттығы бүкіл Қытайды дүр сілкінткен. Өйткені ол кезде бір ұшақтың құны мөлшермен 100 ат, 100 сиыр, 4 мың қой, 100 сәрі алтынға тең көрінеді. Басбай ٴөзі мектеп табалдырығын аттап, тәрбие алмағанымен, оқу– ағарту ісіне көп көңіл бөлген екен. 1936 жылы ол атамекенінің оқу-ағарту ісін дамыту үшін Шағантоғай Ұрши (орталау) мектебін салуға 500 қой атап, қара сирақ балалардың мал соңында емес, білім қуып, ел тірегі болуына жағдай жасаған. Басекеңінң жұрт қамы үшін істеген жұмыстарының тағы бірі – 1941жылы 5500 юан (сол кездегі ақша құнымен он мың қойға тең) қаржы шығарып, Шәуешек, Шағантоғай тас жолындағы Еміл өзеніне көпір салғызуы еді. Көпір салынған соң Тарбағатай әкімшілік мекемесінің уәлиі бұл көпірге "Басбай көпірі" деген ат беріпті. Атымтай бабамыз ұлт азаттығы үшін де қолындағысын аянбаған екен. Іле, Алтай, Тарбағатай қазақтарының "үш аймақ" төңкерісіне 1000 қой, 100 сиыр, 250 ат тарту еткенін бүгінгі ұрпақ ұмытқан жоқ. Басбай Шолақұлы – "үш аймақ" төңкерісі кезінде және жаңа Қытай құрылғаннан кейін 1952 жылға дейін Тарбағатай аймағының уалиі болды. «Басбай қойы» аталған төрт мүйізді шопан ата тұқымы да осы Басекең еңбегінің жемісі еді. Жалпы, Басбай атамыздың жомарттығы жайында айтылар әңгіме көп. Белгілі этнограф Зейнолла Сәніктің «Басбай» атты зерттеу еңбегінің де берері мол. Бұл турасында алдағы күндерде кеңінен тоқталатын боламыз.

BAQ.KZ

Қатысты Мақалалар