Бүгін Австрия түрмесінде өз-өзіне қол жұмсаған Рахат Әлиевке осыған дейін қандай айыптаулар тағылған еді? Медицина және экономика ғылымдарының докторы, экс генерал-майор Әлиев 2008 жылы өзіне берілген барлық атақ-даңқ пен жоғары мәнсаптан толық айырылған-ды. 1. 2007 жылдың " ақпанында Рахат Мұхтарұлының есімі еліміздегі және шет елдік БАҚ беттерінде жиі айтылатын болды. Нұрбанктің ірі акционерлерінің бірі Рахат Әлиевке аталмыш банктің сол кездегі басшыларына қатысты ұйымдасқан қылмыстық топ құрып, Әбілмәжін Ғылымов (Нұрбанк төрағасы) пен Жолдас Темірәлиевті (оның орынбасары) қала сыртына шығарып, күш қолданған. Ғылымов пен Темірәлиевалардан аса ірі көлемде ақша талап етіп, бар дүние-мүліктерін Әлиевтің атына аударуды талап еткен. Көрсетілген қысымға шыдамаған екеуінің келісімінен кейін жөндеріне қоя берген. 2. 9 ақпан 2007 жылы Әлиев Ғылымов пен Темірәлиевті қайтадан ұрлап кетеді. Бұл жолы Темірәлиев пен Ғылымов із-түссіз жоғалып кетеді. 3. 2007 жыл мамыр айының аяқ шенінде ҚР ҚК 125 бабы, 3-тармағы бойынша "ұйымдасқан қылмыстық топ құру, адам ұрлығын ұйымдастыру, қару қолдану, денесіне әр түрлі зақым келтіру т.б." Әлиевті кінәлі деп табады. 4. 2007 жылдың 28 мамырында ҚР Бас прокуратурасының санкциясымен қазақстандық мамандар тобы Әлиевті елге қайтару үшін Австрияға (Вена) аттанады. 5. 2008 жылдың 15-қаңтарында Алматы қаласы, Алмалы ауданаралық соты Әлиевтің сыртынан сот процесін жүргізіп, 20 жылға бас бостандығынан айыруға және дүние-мүлкін тәркілеуге шешім шығарады. 6. Дәл осы уақытта Әлиев Австрия үкіметінен саяси пана сұрайды. Ал Әлиевтің жұбайы Дариға Назарбаева сот үкімі шықпай жатып күйеуімен ажырасып кетеді. 7. 2008 жылдың 20 сәуірінде ҚР президенті Н.Ә.Назарбаевтің шешімімен Әлиевтің барлық наградалары күшін жояды. Сол жылы Австрия соты Әлиевті қамауға алып, кейін 1 миллион евро кепілдікпен үй қамаққа алады. 8. 2015 жылдың 24 ақпанында Австрия түрмесінде қамауда отырған Рахат Шораз-Әлиев өлі денесі табылды.