Қырғыстанның Шу облысы, Манас ауылында ет өңдейтін үлкен цех бар. Бұл цехта жеңіл тағдамдарға арналған ет өнімдері дайындалып, арзан бағада үлкен қалалардағы кафе, мейрамхана, фаст-футтарға жіберіледі. Бұл, әрине, үйреншікті жағдай. Ең маңыздысы ондағы ет халал малдың емес, есектің еті болғандығында. Бұл цехтың жанында арнайы сойыс үшін дайындалған есектер бағылады екен. Түсірілім тобы келгенде цех жұмысшлары жан-жаққа қаша жөнелді.
Бүгінгі күнде қырғыз нарығынан Қазақ еліне тасылмалданатын өнімдердің ішінде ет өнімдері де бар. Сіз бен біздің кафе мен рестораннан жеп жүрген тағамдарымызға қосылған еттің, гамбургерге қатталған еттің айыр қалпақты ағайындардан тасымалданып жатпағанына кім кепіл?
Оның үстіне қырғыз елі Кедендік Одаққа мүше болып жатса, барлық өнімге жасыл дәліз ашылады деген сөз. https://www.youtube.com/watch?v=XKJ4_UHZEKE