26 ақпан күні Астана қаласы әкімдігі ғимаратында ҚР азаматтарының, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдардың өткізетін мүлікті жария ету мәселесі бойынша брифинг өтеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметінен.
Брифингке Астана қаласы аудандық әкімдіктерінің әрқайсысының жанынан құрылған жария ету жөніндегі комиссияларының төрағалары, Астана қаласы Қаржы басқармасының басшысы және Астана қаласының Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары қатысады.
2015 жылдың 18 ақпанындағы жағдай бойынша, Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлікті жария ету мәселесі жөніндегі аудандық комиссиялар жалпы сомасы 15,8 млрд.теңге болатын объектілер бойынша 1 430 өтінішті тіркеді, комиссия 523 өтінішті қарап, осы бойынша жалпы сомасы 5,3 млрд.теңге болатын 1 227 объект жария етілді.