Дәулетбек Байтұрсынұлымен студент жастардың кездесуі өтті

/uploads/thumbnail/20170708170421125_small.jpg

Бүгін Абай атындағы Ұлттық педогогикалық университетінің филология факультетінде "Ләтипа лүпілі", "Мәңгілік мекен", "Күнәсіз мекен", "Сенің арқаң" жыр жинақтарының авторы, ҚР Жазушылар одағы мен ҚР Журналистер одағының мүшесі, ақын, аудармашы Дәулетбек Байтұрсын ұлымен кездесу өтті, - деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.

11028727_1623160357903921_1800085206_o Кештің модуляторы- белгілі әдебиеттанушы, ғалым, филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов. Ақынның шығармашылығы, өмір жолы мен өлеңі туралы сырлы да салиқалы сұхбатқа Абай атындағы педогогикалық университетінің студенттері тегіс жиналған. Ақын поэзиясына, ондағы "мәңгілік ақиқат" идеологиясын шын түсінген, өлеңнің құдыретін бағалайтын қауымның қарасы мол болғанының айқын көрінісі-залда ине шаншар орын болмағанында. Тіпті, студенттер ақынның өлеңдерін мәнеріне келтіріп оқыса, ақынның жолын қуушы шәкірттері Дәулетбек Байтұрсынұлына арнаған жүрек жарды өлеңдерін арнады. Сондай-ақ, жастар ақынның сөзіне жазылған әндерді нақышына келтіріп, бірі домбырамен, енді бірі гитарамен шырқады.

11015305_1623160551237235_516725206_n Кешке Дәулетбек Байтұрсынұлының өмірдегі және өлеңдегі інілері де келген. Кеш барысында сөз алған ақын, "Серпер" сыйлығының иегері Саят Қамшыгер, жазушы Серікбол Хасан, жазушы Ерболат Әбікенұлы, ақын Темірлан Жорабай т.б. Дәулетбек Байтұрсынұлы туралы баяндамалар жасап, ақынның ақындықтан бөлек ағалық қасиетін атап өтті. Сонымен қатар, ақынның қаламгер інілері Дәулетбек Байтұрсынұлы туралы қызықты естеліктерімен бөлісті. Ақын, Дәулетбек Байтұрсынұлымен өткен әдеби-сазды кештің соңында ақын "Сенің арқаң", "Жөргем", "Мәңгілік мекен" кітаптарын жас оқырмандарға қолтаңбасымен тапсырды.

11008979_1623160591237231_947936722_n 11004860_1623160474570576_1910739911_n

Қатысты Мақалалар