Ходжалы – түбі бір түркі халықтарына ортақ қасірет

/uploads/thumbnail/20170708170533501_small.jpg

Ходжалы қасіреті-әзірбайжан бауырлардың ғана емес, түбі бір түркі халықтарына ортақ қасірет. Осыдан 13 жыл бұрын, 1992 жылдың 25-інен 26-сына қараған түнгі сұрапыл шабуылда жүздеген бейбіт тұрғын солақай саясат пен арам пиғылдардың құрбаны болды. Ондаған бүлдіршіннің бақытты балалық шағы оққа байланып, ондаған аяғы ауыр келіншектің құрсағындағы шаранасы жатырында тұншықты. Алладан бала-шағасының амандығын тілеп, отбасының киесі боп отырған қаншама қария қапияда қаза тапты.

Ходжалыдағы қанды қырғын енді бірде бір елде қайталанбауы тиіс. Ешбір елдің ашық аспанын бұлт баспасын. Ол үшін халықаралық заңдарды белшесінен басатындарды тезге салу қажет. Әзірбайжан президенті жанынан құрылған Үкіметтік емес ұйымдарды қолдау Мемлекеттік кеңесінің Армения президенті Серж Саргсянға қатысты петициясын қолдаймын! Таулы Қарабақтағы саяси ойындар салдарынан қаншама адам зардап шекті. Сондықтан әділеттіліктің орнағанын қалаймын. Біз Әзірбайжанның территориялық тұтастығын қалаймыз.  Ходжалыдағы қанды қырғынға кінәлілерді жазалауға құлшынған әзірбайжан бауырлармен бірге болуға шақырамыз!!! Ходжалыда армян əскерлері бала-шаға, аяғы ауыр əйел, қария демей, малша бауыздады. Сол күні шабуылдаған əскерлердің командирі қазіргі президент Саргсян (Саркисян) болған екен. Енді əзірбайжан бауырлар халықаралық сотқа жүгінбек.

 ҚР «Түркітілдес журналистер қоры»

Қатысты Мақалалар