Кәсіпқой спортшылар мемлекет қолдауына сүйенбей, өздері жетістіктерге жету керек. Мұндай ойды бүгін Орталық коммуникациялар қызметінің брифингінде депутат Азат Перуашев айтты. "Бізде де ондайлар бар. Мысалы, Геннадий Головкин - нағыз кәсіпқой. Ол бюджеттен қаражат алмайды, ұлттық компаниялардан ақша сұрамайды. Дегенмен бұл адамды күллі әлем біледі және ол еліміздің көк Туын биікке көтеріп жүр. Сол сияқты Қанат Ислам да кәсіпқой спортшы. Ол да ешкімнен ақша сұрамай-ақ еліміздің жалауын желбіретуде", - деді депутат Азат Перуашев.