Қазақстандықтар наурыз айында қанша күн демалады?

/uploads/thumbnail/20170708170700939_small.jpg

Наурыз айындағы мерекеге орай қазақстандықтар 8 күн демалады деп хабарлайды Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің баспасөз қызметі.

"8 Наурыз халықаралық әйелдер күні жексенбіге сәйкес келгендіктен, демалыс күні дүйсенбіге ауыстырылды", - дейді ҚазТАГ агенттігіне берілген жауапта. Одан бөлек, Қазақстан халқы Наурызда тағы да 5 күн демалады. "Наурыз мерекесі 21 және 23 наурыз күндері тойланады. Ал 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне сай келгендіктен, мерекелік демалыс 24 және 25 наурызға белгіленді", - деп атап өтті министрлік. Заңға сәйкес, егер мереке күні демалысқа сәйкес келсе, келесі жұмыс күні демалыс болып белгіленеді.

Қатысты Мақалалар