Міржақып Дулатов оқулары өтті

/uploads/thumbnail/20170708170725406_small.jpg

Кеше, 26 ақпан күні Ә.Фараби атындағы ҚазҰУ-да Алаш көсемдерінің бірі, ақын Міржақып ДУЛАТОВҚА арналған оқулар өтті. "Баспа және дизайн" кафедрасының меңгерушісі, доцент Жетпісбай Бекболатов ақын өмірі мен шығармашылығына арналған баяндама жасады. Aқынның туғанына 130-жыл толуына орай бұл өткізіліп отырған оқуда "Қазақ газеттері" бірлестігінің президенті Ж.Кенжалин, М.Дулатовтың жиені, "Мектеп" баспасының директоры Е.Әбенов, журналист жазушы Жұмат Әнесұлы сөз сөйлеп, журналистика факультетінің ғалым ұстаздары Дулатовтану мәселелелерін сөз етті. Ақын студенттер Міржақып аталарына арнаған өлеңдерін оқыды. Дулатов оқуларын Журналистика факультетінің деканы Сайлаубек Медетбекұлы жүргізіп отырды.

Жұмат ӘНЕСҰЛЫ

Қатысты Мақалалар