Жуырда "ИШИМ" содырлары әлеуметтік желілерге өздерінің ежелгі артефактілерді қиратқан видео-роликтерін таратты. Ирактың солтүстігіндегі "Мосул" мұражайындағы 3 мың жылдық тарихи ескерткіштерді содырлар балға, бұрғы секілді техникалардың көмегімен күл-талқанын шығарған. Содырлар "бұл VII-ғасырларға тиесілі мүсіндер өз кезегінде сол ғасырлардағы адамдардың табынатын құдайы болған. VII-ғасырдағы осы аймақты мекен еткен тайпалар Аллахқа емес, осы мүсіндерге табынған. Сондықтан бұлар Аллахқтың қаһарына ұшыратушылар",-дейді.
https://www.youtube.com/watch?v=wzs4OTDjxeo"Бұл катастрофа. Біз енді "Мосулдың" тарихи ескерткіштерімен мақтана алмаймыз. Өйткені олар енді жоқ",-дейді Амир әл Жумайл. Сондай-ақ, ИШИМ содырлары "Мосулдің" тарихи кітапханасына да басып кіріп, ол жердегі 10 мыңға жуық тарихи кітаптарды өртеп жіберген. Өртенген кітаптардың арасында VII-VIII ғасырдларға тән жазбалар мен құнды жәдігерлер де болған. Олардың кейбірі ЮНЕСКО-ның қарамағына енген болатын.