Қазақ халқы

/uploads/thumbnail/20170708170856134_small.jpg

Қазақ деген рухты , текті халықпыз , Қазақ деген жұлдыздайын жарықпыз . Мәртебесі биік тұрған әлемде , Талай елмен теңесетін алыппыз . Қазақ деген биік шыңбыз асқарлы , Тарихымның таусылмайды дастаны . Жәнібек пен Керейдейін сұлтандар , Бір ордаға қосқан қазақ бастарын . Содан бері бес жүз елу жыл өтті, Миллион ойлар , миллиардтаған күн өтті . Осы уақыт арасында қазағым , Қайғыменен , қуанышпен күн кешті. Бәрін бастан өткерген – ау бұл қазақ , Жаны қайсар батыр халық жүректі Ей , жаратқан қайсарлықтан арылтпай , Қабыл етші , не тілеген тілекті ! Карим Анар – ШҚО, Үржар ауданы, Көлденең аулы 11 – сынып оқушысы

demeu2

Қатысты Мақалалар