Латвия қауіпсіздік қызметкерлері әлеуметтік желілерде Латвияның Ресейге қосылуын қолдайтындардың қолын жинаған азаматты тұтқындады. Бұл туралы Qamshy.kz порталы Delfi.lv порталына сілтеме жасай отырып хабарлайды.
27 ақпан күні Латвия Республикасының қауіпсіздік қызметкерлері интернет арқылы Латвияның Ресейге қосылуын қолдаған белсендіні құрықтаған. Арнай жүргізілген тінту кезінде оның үйінен бірнеше компютерлік техника тәркіленген. Тәркіленген компютерлердің ішінде Латвия Песпубликасының Ресей Федерациясына қосылуын қолдаған мыңдаған азаматтың қолы жиналған құжаттар табылған.
Қазіргі таңда тұтқындалған азаматқа қатысты Латвия Қылмыстық кодексінің 82 бабы, 1 тармағы бойынша "Латвия Республикасының территоориялық тұтастығына нұқсан келтіруге әрекеттену" деген айып тағылып, қылмыстық іс қозғалған.
Сондай-ақ, тұтқындалған азаматты тінту барысында оның бұған дейін де әлеуметтік желілер арқылы Латвия қоғамында дау тудырған әрекеттер жасағаны анықталды.