Бүгін Астанадағы Тәуелсіздік сарайында Қазақстанның қоғам және мемлекет қайраткері Жұмабек Тәшеновтің 100 жылдығына орай көрме ашылды. Бұл туралы Qamshy.kz порталы хабарлайды. Аталмыш көрме Астана қалалық мәдениет басқармасының бастамасымен ұйымдастырылған. Кормеге Жұмабек Тәшеновтің жеке заттары, суреттері, қолжазбалары, кітаптары мен жеке фотоаппараты қойылған. Өзінің қызметтік жылдарында Жұмабек Тәшенов Жоғарғы кеңестің төрағасы, Қазақ ССР министрлер кеңесінің төрағасы болған. Қазақстанның территориялық тұтастығын сақтау және экономикалық даму жолында сіңірген ерен еңбегі мен ерлігін бүгінгі ұрпақ жадынан ешқашан шығармақ емес. Бүгінде Астана көшелерінің біріне мемлекет және қоғам қайраткері Жұмабек Тәшеновтің есімі берілген. Ал Ж.Тәшеновтің өмірі мен еңбек жолын насихаттауға арналған көрме наурыздың 25-і күні жабылады.