Кешегі тарих – бүгін есте

/uploads/thumbnail/20170708171002761_small.jpg
«Қазақ хандығына 550 жыл» шығармашылық бәйгесіне!

  Биігірек қойғызып басты есімін, Сол жолда талай адам баз кешті мұң. Керей мен Жәнібектің қадамымен Қазақ елі дүниенің ашты есігін.   Нық тұрғызып қалады қабырғасын, Деп тіледі: «жолынан жаңылмасын» Ұлы қадам бастаған Қазақ деген - Шаңырақтың астына бақ орнасын.   Тарихтың түкпіріне ене алмаспын, Себебі, көп көрмеген ерен жаспын, Бірақ тұла бойымды қызулатқан Бабамның қаныменен мен алмастым.   Тұратұғын ішіме сыймай дәйім, Естігенім, білгенім елдің жәйін. Найзасымен ақынның ақ парақты Түйгенімнің түкпірінен шимайлайын.   Қанша ғасыр? Қанша хандық жайлатып ең, Қанша жауды қорқытты айбатымен?! Қанша батыр кетті тарих түкпіріне Қазақ туын дегендер айға тігем.   Көрді қазақ сатқындық, тағы уайым, Бірақ деген емес ед бағынайын, Ел бағына туылды қорғанышың Ақ кілеммен көтерген Абылайың.   Басын кесіп қалмақтың қарасының, Көрді күшін қазақтың баласының. Елім деген жүректің дүрсілімен Бүйірінен бүк түскен дара асығым.   Даналықпен бағыттаған өз кемесі, Барша қазақ пір тұтқан шежіресі, Қазбек би, Әйтеке би, Төле биі – Ақылшы, сөз төресі.   Дархан дала, айнымас киелі құм, Барлығы оның өзіңнің иелігің. Асан қайғы іздеп өткен өз елімнің Әр түкпірі - жерұйығым.   Менің бабам орынсыз соқтықпаған, Соқтыққанды ешқашан зор тұтпаған. Арыстанның айбатынан жасқанғандай Басар болар соқтыққан қорқып қадам.   Көршісінің бар еді өз дәмесі, Көздегені болды ғой безген есі, Қызғыштайын қорыды Жер Анасын – Алақанда бар еді өзге несі ?!   Тарих бетін толтырған көтеріліс, Талас, шайқас, жер үшін бетер бір іс, Әрбір жота сен басқан қанмен келген Батыр баба жан қиған. Өтеуі  күш.   Ғасырлардың шауып өтіп шекпенін, Жаңа ғасыр. Жаңа өмірге беттедің. Жаңа қоғам аспанынан төнген кеп Сол жылдардан іште қалды өкпе, мұң.   Қалап алып Алашымның ордасын, Деген еді  Тәңір өзі қолдасын. Билік кетіп билеушінің қолында Түскен едің қалыс басып орға шын.   Қол астына кіріп қолды орыстың, Сұрауы жоқ: Басшысы кім? Болыс кім? Ойладың ба, намысыңды қазағым?! Жер алдында, бабасына борыштым.   Осы шығар болғаны осал ісі, Туды бірақ намысты қосар кісі Ұйқыдағы ұлы елді оятқан кеп Алашымның ардақты бес арысы.   Мағжан, Ахмет, Міржақып Дулатовтар Басшылықты алғанды шулатып сәл, Қараңғыда жағылған  шамдай болып Елге сәуле шашқанды тура қып дәл.   Талай арыс бағыттады көшті қамдай, Надан халық еді ғой аш бір аңдай. Намыс кернеп, ел үшін құрбан болған Талай сәуле, талай жұлдыз өшті жанбай.   Қайран  ерлер өздеріңе баға  барма! Ұқсап туған едіңдер дара нарға. Қараңғыдан шығарып қайран елді Тіл төресін танытты қараларға.   Жылдар кетіп, зымырады құстай тым, Төзім бітті. Намыс кернеп күші айқын. Шықты алаңға жастарың, Жетті уақыт - Өз билігін өз қолына ұстайтын.   Кезі кетті шыдап енді бағынар, Жастар шықты бабасының қаны бар. Басқарсын деп қазақ өзі қазақты Керек емес тағысын ол тағылар.   Озбыр орыс оған келіп килікті, Бермейміз деп біз сендерге билікті. Қыршын жасты мұздай сумен атқылап, Өлімші етті жастарыңды кей тіпті.   Қайран аға, барып едің ер іске, Қайран апа, отқа түскен періште, Жұдырықтай жүректері «ел» деген Соғар мәңгі. Беріспе!   Қазақ сенің бір басыңда көп қайғың, Ойлап оны менде тағат таппаймын. Жанын қиған желтоқсанның жастары - Мен оларды әлі күнге жоқтаймын.   Қайрат, Ербол, Сәбирасы, дарасы, Бәлкім бағы, Бәлкім кетпес жарасы, Еркіндіктің естен кетпес ерлері, Орны бөлек. Бөлек тағдыр бағасы.   Ерлік қалып тарихтың беттерінде, Көрер көзге қасірет,  шекпедің не?! Егеменді ел атандың күні бүгін Еңселеніп, алдыға беттедің де.   Болашаққа бастадың жас тармақты, Ұмытпағын арттағы баспалдақты, Тарихың мен бүгінің түгелденсе Боларыңа сенемін асқар нақты.   Тілің - тірек, дінің - жүрек иманы, Еліңе сай Елбасыңды сыйлады, Нұрлы жолын Нұр атамның бағдар қып, Баста жолды. Көз жасыңды тый дағы.   Сен үшін жас балаңның мәрт өлеңі, Сен үшін жақсы тілек әр дегені, Тәуелсіздік төресі – Қазақ елі Мәңгілік ел мәртебелі.   Қазақ аты биіктікпен қос ұғым, Мәңгі думан тербететін бесігім. Алғы орында бастауы боп жүргейсің Қазақ елі – әлем елі көшінің!   Сабиров Азат – 1997 жылы Атырау облысы, Махамбет ауданы, Ортақшыл селосында дүниеге келген. Республикалық, облыстық, ауданыдық мүшәйралардың жеңімпазы. Қазірге кезде Қосарал орта мектебінің 10 сынып оқушысы.

demeu2

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар