Мәңгілі ел болуды мұрат еткен, Керей мен Жәнібектер іргесін қалап кеткен. Еліме биыл 550 жыл толып отыр, Құтты болсын қазағым төл мерекен! Қара өлеңді қара судай сапырайын, Қазағымның тарихын мен жырлайын. Абылай сынды ұлы хандарды айтып, Ұлылардың ұлылығын жырлайын. Бөгенбайдай батырларым ел қорғаған, Қолына қару алып жауға шапқан. Қазыбектей билерім дау доғарған, Тәуке, Есім, Қасым хандар заң шығарған. Исатай мен Махамбет, Кенесарым, Азаттық үшін күрескен батырларым. Қазағымды біліммен сусындатқан, Ахмет пен Ыбырай аталарым. Біржан сал мен Ақандардың әндері, Құлақтан кіріп бойды алған. Абай мен Жамбылдардың жырлары, Талай жанды тамсандырып, таңқалдырған. Аққан жұлдыздай жарқ етіп сөне қалған, Шоқанның еңбектері бағаланған. Кешегі Әлихан мен Міржақыптар, Салт- дәстүрін, тілін, дінін берік тұтқан. Рейхстагқа ту тіккен Рақымжаным, Ерлігімен көзге түскен Бауыржаным. Ұлы Отан соғысы жылдарында, Қазағымның даңқын шығарған батырларым. Қайрат пенен Ерболдай ерлеріміз, Ләззат пенен Сәбирадай қыздарымыз. Тәуелсіздік жолында құрбан болды, Біз сіздерді ешқашан ұмытпаймыз. Жеңіс туы көтерілді көк аспанға, Қуандығой қарияда жас балада. Тәуелсіздік алған күннен бастап, Тамсандығой шет елдер Қазақстанға! Нұрахмет Ерден – 1999 жылы Алматы облысы Ақсу ауданы Қарашілік ауылында дүниеге келген. Қазіргі таңда Қарашілік орта мектебінің 9- сынып оқушысы
Пікір қалдыру