Талай қазақ баласы көріп өскен, ұлтымыздың «алтын қорына» енген «Менің атым – Қожа» фильмін балалардың көруіне енді тыйым салынуы мүмкін. Бүгінде Парламентте жас қазақстандықтарды, олардың денсаулығына және дамуына зиян келтіретін ақпараттардан қорғауды қарастыратын, тыйым қоятын заң жобасы қаралуда. Әрине, депутаттар: «оған бара қоймас!» дегенді айтады. Бірақ заң қабылданған соң, шешімді олар емес, уәкілетті орган тартатын сарапшылар шығармақ. Ал заң жобасында «баланы қоғамға жат және құқыққа қарсы іс-әрекеттерге арандататын – баланың... психотроптық немесе есеңгірететін заттарды пайдалануына, ... қаңғыбастықпен және қайыршылықпен шұғылдануына түрткі болатын ақпараты» бар туындыларға тыйым салу көзделген.
Пікір қалдыру