Таңбалы жауырын (әңгіме)

/uploads/thumbnail/20170708171100406_small.jpg

"Қазақ хандығына 550 жыл" шығармашылық бәйгесіне

Күміс табақ тәрізді толған айдың астында, жасыл кілем жайлыған төр жайлаудың үстінде, ат ағашқа сүйеніп ақбоз арғымақ мүлгіп тұр. Алты қанат ақбоз үйдің ішінде, қайқы бас ағаш төсекте жастығына жантайып, ю-қю өрнекті қу жауырын қолында көзіне жасы іркіліп, әлде ненеі күбірлеп ақ сақалды Қадыр қарт жатыр. Оның жоғарысында керегенің басында төрт қара жолағы төбесіне түйісікен маржан таққан көне тоз аққалпақтың жанында тобылғы сапты қамшы ілулі тұр. Аққалпақ демекші, сол қалпақтың төрт жолағындай болған төрт тайпа елдің бұл жер атамекені, алайда келімсектер басып кіргелі тозығы жетіп, берекесі кеткен. Қадекеңнің қасында қос дүниелік серттескен, үнсіз ойға шомулы Адалбайдай досы отыр. Сығырайған май шамға қолындағысымен қосылып кіріп кетердей, екі көзі кітапта отырған Айдос Қадекеңнің ұжымшардың қойын отарлатам деп жүріп опат болған жалғыз ұлымен келінен қалған қос құлының кішісі. Алматыдан келгелі аптадан асып кетседе күні-түні осы кітапты екі қартқа қайталап оқи береді. Оқуға былтыр күзі кеткен, жол жүрердің алдында атасы екі жұмыс тапсырған бірі қасқыр алар таза қанды ит күшігін таба кел Алматыға алашытың әр жерінен ел келер біреуде болмаса біреуден шығар, мына шата қояннан ары аса алмай жүр деп көксүр тазыны нұсқаған, екіншісі Адуынтаудың басындағы тас таңбаларға ұқсас жазылған жауырындағы жазудың сырын біліп қайт деген. Алматыда көп ізденген Айдос жауырындағы таңбалардың бір алып балбалтастағы жазуларға жақын екенін көріп соның аудармасын ала келген. «Бек ұлдары – құл болды, пәк қыздары – күң болды» осы жерге келгенде әу баста қос қарт жас баладай еңкілдеп, егіліп тұрып жылаған. - Жұмбақтың шешуі осы деді Қадекең қолындағы ата-бабасынан қалған жалғыз мұра жауырынға қарап кезіне Кешубай бақсы бар жынын шақырсада шешіп оқи алмап еді. Мына жеті тесік пен жазу жеті ата ұрпағыңа дейін құл болма дегенді білдірер енді аттансамда арманым жоқ. Бұл мұра осы әуелтке қашан, қалай келгені белгісіз. Әйтеу ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, қолдан-қолға өтіп келеді. Бұл әулетте өсиет сол малданда, жаннанда айырылса осы қу жауырыннан айырылмау. Ал оның тарихын шежіреші қарттар әртүрлі айтатын соның ішінде Қадекеңнің көңіліне қонымдысы мынау; өте ерте заманда осы қауым тарайтын жұрттың хандарының бірінің басын аңдып жүрген ата жауы алып, шарап құятын ыдыс жасап, артында қалған елін тоздырған екен, арада талай жыл өткенде көк тәңірі тепкідегі елдің көз жасын көрсе керек бір батыр ұл беріпті. Ақбоз ат мінген жас батыр ата жауының сол кездегі есі мен десі болған бас батырын жекпе-жекте өлтіріп, жөн терісін сылып алып, жауырын сүйегіне жеті тесік тесіп, бетіне жазу жазып қалдырыпты онысы «жетпіс жеті ұрпағыма ерлігім өнеге болып, ата жауым аруағымнан сескеніп жүрсін» дегені екен. Ал біреулер жас батыр айдаһар аулаған соның жауырыны десе, біреулер аю алған соның жауырыны деп тон пішеді. Бұл әуелеттегі боз жылқының тұқымыда сол батыр мінген ақбоз айғырдын тараған деседі. Қарт халқының қазіргі мүшкіл халына қарап, келімсектерді кеудесіне шығарып жүрген күйіне қарап батыр қауымнан тарадық дегенге онша сенгісі келмеседе, кеше өзі көзін көрген ерлерді ойлап бұл шындық дейді, бірақ өткендігі өркеуде жұрттың мұншалық ынжық тартқанына таңғалады. Тек осы елдің елдігінің иесі мен киесі болып өзі секілді бірнеше селкілдек шал қалған. Ертең олар кетсе ел не болмақ? кім бұл елге тұтқа болып құлдықтан құтқарады. Қарт осыны ойлайды. Бұл Қадекең кім еді? Шынжыр балақ, шыбар төс қара көктің тұқымы. Аталарынан алаштың ұранына айналған аруақтар көп шыққан, ал бергі үш атасы бұл елге болыс пенен би болған солардан қалған көз еді. өз сөзімен айтқанда «тегі таза ұл» еді. Әкесі Қали болыстың бәйбішесінен екеуді, тоқалынан жалғыз бұл еді. Жас кезінде сері, балуан келімсектер келген соң бай тұқымы аталып, абақтыға қамалып орта жасы сонда өтті. Кешубай бақсы айтқандай айтолған түні, айтылған күні ата-бабасымен жары Айжамал жанына жол тартқалы жатыр оны өзі біледі. Атас қара бақсы атанған Кешубайға Қадекең қолындағы үйленгендеріне бес жылдан асқан үлкен немересі Жандос пен келіні екеуі ауданға барып ақхалатталардың тағы да «денсаулықтарыңда мәселе жоқ тағы күтіп көріңдер Құдай берсе балалы болып қаласыңдар» деген күннің ертесі оларға күмән келтіріп барғанды. Қырық құмалағын шашып күбірлеп, су-сулеген бақсы оларды үш қатарға тізді де «сүйінші басы бес бесіктегі бала қуанғандай, көп кешікпей келеді ол қойшы» дегенде «ал сүйіншіңді» астыңа ат деп еді. Бақсы басын көтерместен «сен оны көрмей кетесің» деп төтесінен бірақ айтқан. Өткен жазда өмірден өткен Айжамал апа текті жердің қызы болатын «батырды екі долы қатының бір туады, биді ілуде бір қатын туады» деген Төле биден қалған сөзді ескеріп Қадекең үш өзеннің арғы жағындағы атақты Айдеке бидің ауылна барып жүрісімен тұрысы ұнаған соң Адалбайды бір тапсырмамен жіберген, ол орындап келген. Бұлардыкы ұятты амал еді. Аңдып жүріп Адаекең қыздың дәрет сындырған жерін көрген, қараса кіші дәреті жерге қарыс бойы тесіп кірген екен «кім тусада осыдан туады» деп ойлаған он төрт құрсақ көтерген Айжамал апаның тек жетіншісі ғана қатарға ілінді де қалғаны жастай жерге қайтты. Ал Қадекеңнің жасы жеті мүшелге келгенде ауырғаны биылды. Оған себептің бірі өткен қыстағы үлкен немересі Жандостың қысық көздердің мақтауына лепіріп күшін көрсетемін деп машинаға доңыз тиеуі еді, осыны үйге айтып келгенде Қадекең қамшымен бір салғанда, үстіндегі қасқыр ішік қақ ортадан бөлінген. Ертесі молда шақырып Құдайға жалбарынып бейбақтың десін алма деп алсаңда өзімен кетсін деп жолына құрбан шалғанды. Енді бірі қырғи көк деп аталатын кәрі жолдас ақбоз аттың үстінде жазғытұрымғы күннің жылуына маужырап келе жатқан Қадекеңді артынан Анықбай деген жас жігіт ап деп құшақтай алғанда өмір селт етпеген қария аттан ауып түсуге шақ келген. Ал анау қолға түссе тірі құтылмасын біліп сол бойы елден қарасын батырып қалаға бірақ тарқан болатын. Бұған тағы осыдан тура ай бұрын жайлауда өткен жарыста жауырыны жер искеп көрмеген Жандостың расында доңыз көтерген соң десі қайтқанба келімсектің үйретілген бір балуаның жығылғаны қосылды. Аруағы қозып отырған Қадекең мынаны көргенде көзі қарауытып жығылған, сол күннен бастап жағдайы жақсармады, оның үстінде соңғы күндері келімсектермен қосылыған бір топ келіп Қадекеңнің ата қонысы Ақбұлақтың бойын көп ақша береміз демалыс орнын құрамыз деп келгішетей берді. Қадекең оларды қуып шыққанымен қазір немере мен келінді айналдырып жүр. Келімсектер үкімет орнатып бай мен кедей, ермен әйел тең деген барды талап, байды айдаған заманда Қарабек қатарлы есіріп атқа мініп шыға келген бір топ белсенді ер жетіп ел билігіне араласып қалған Қадырдың ағасы Қасымды «ұлтшыл, халық жауы» деп оққа ұстап, Ташкенттен білім алған інісі Қабайды «тіңші» деп топқа ұстап беріп өлтіргізді. Енді Қадекеңе ауыз салар тұста, бағанағы Адалбай ақыреттік досының ажалына араша түсіп « бұлар бай емес жылқы баққан мен баймын, неге десең атты менен сұрап мінді, соғымды менен сұрап жеді, егер соттар болсаң алдымен мені сотта деп» аман алып қалғанды. Ол Қарабек кім еді? Қадекеңнің сөзімен айтқанда «қара қазан құл еді, қулығы көп сұм еді». Қарабекке жиғаны қайыр берген жоқ. Қали болыстың малының басы көкқасқа айғырды піштіріп мінерде әкесі «киесі атады» тіл алмаған. Айғыр пішілген күні көк шыбықты ат қылып мініп жүрген үлкен ұлының оң көзі жығылғанда ағаш кіріп ағып түскен. Ал көк қасқаның тұқымын артынан мүшел салып Қадекең әрең қалпына келтірген анау атағаштағы қырғи көк соның тұқымы азу жарған қара биеден туған, одан әлі күнге дейін қылқұйрықты озып көрген жоқ. Қарабектің соқыры ұл қарындасының келімсекке қатын болғанына намыстанып күйеу баласын пышақтаймын деп он жыл арқалап кетті. Сол келімсекке тиген қатын бұл күнде шошқаның астын тазалап, ауласындағы бақшадан басқа жаққа бара алмай жүр дейді көргендер. Ал Қарабек қай бір жылы қаңтарда намысқа шыдамай науқастанып о дүниеге аттанған. Ол өлкенде қырғи көкпен Қадыр ақсақал сол түнерген күнді жауардай қылып, қаңтардың аязын қабағынан шытынатып барған. Қадекең тозығы жеткен тоқал там үйдың күн шығысындағы керменің бір басына атын байлай бергенде, қара нөпірдің «жақсы адам» деген айғайынан аттар дүр етіп үркіп, керменің арқаны қолын қатты сілкігенде қар үстіне қалбаң ете түскенде, «қайдағы жақсы адам?» деп күбірлеп, қайта тұрып қылшылбырды арқанға байлап, жаназа оқып жатқан топқа қарай жай аяңдаған. - Марқұм Қарабек Қаражанұлынан алатын қарыздарыңыз барма? деген ақ сәлделі аса таяқты кебінді кісінің кеуде тұсында тұрған молданы «жоқ» деген қауымның үні басыла бергенде, бар дауысымен «бар» деген осы Қадекең жүрегін де таяғында дір еткізген. - Бар деген қайталап, бар болғанда қандай бұл тексізде қан қарызымда мал қарызымда бар деген. Қапелімде аузына сөз түспей қалған молдекең - Кештім деңіз Қадеке, кештім деңіз – деп дауысы қысыла шыққанды. - Кешсе Құдай өзі кешер, мен кеше алмаймын осыны айтуға келіп ем деп Қадекең артқа бұрыла бергенде - Қарабекұлы Сәбетбек қарызды мойныңа аласыңба? деп молда, өзіне қарсы алдыңғы қатарда тұрған Қарабектің арақкеш, есалаң атанған кіші ұлына қараған. Оның басы кеудесіне түсіп кеткен тұрған орнында өліп қалған секілді тұра берген. Қадекеңді де қауымды да жалт еткізіп - Мен аламын- деп Адалбай жалп етіп жүгініп отыра кеткен - Ау Қадеке қаныңа қан алғың келсе міне кесер басымды ал дей бергенде есалаң Сәбетбекте аз болса менікін де ал деп қарттың сөзін бөле келіп қатарласа отыр кеткен. Жұрт аң-таң мынауың жынды емес сау секілді деп әр жерден күңкіл естіле бастаған тұста Адакең малыңа бар малымды берейін дегенде мен бере алмаймын деп Сәбетбек атып тұрған. «Үрерге иті, сығарға биті жоқ бұл несін аяп отыр, әлде әкесінің қонақасына туысқандары берген қос тоқтыныма?» деген ой не күлерін, не жыларын білмей тұрған жұрттың басынан жылтыңдап өте шыққан ды. - Бізде рулы ел ұялы терекпіз бұлай масқара етпе, жаманда болса қаны бір қандасым еді, тозаққа күйімесін- деп Адаекең жыламсырай үн қатқанда Қадекең - Әй! Адалбай құдай дескен досым-ай! Ешкімнің алдында бас имеген жүрелемеген жан едің, тұр орныңнан барлығын өзің көргенсең білесің, бұл жаназа шығаруға да тұрмайтын ит қой деп арыстандай ақырып жіберген. - Жоқ, оны Жаратушының таразысына қалтыр, қос дүниеде қосағым жазылмас доспын деп анттасқаның рас болса, достық қалауымның басыда соңғысыда болсын кеш бейшараны! Сен кешпесең мен тұрман. Қадекең досының көңілін қимай бір жағы ұрпағыма кесірі болмасын деп ойлап, Адаекеңді қолтығынан демеп тұрғызып молдаға қарап кештім деп күбір ете түсті де кері бұрылып кермеге қарай кете берген. Кезінде қос ұлдың күйігіне шыдамаған, өзіде қинауды аз көрмеген Қали болыс дүниеден өтерде Адалбайды шақырып алып - Е, Адалбай қарағым күйікке шыдамай қос құлынның соңынан кетіп барам, қос кемпірде қанша жасар дерсің, артта жалғыз қарам қалып барады бұл дүниеде тігерге жалғыз тұяғым сол. Бірге тумасаңдарда туғаннан артық болдың, білемін мен өлген соң оны талайтын сенің туысқандарың оған сені кінәламаймын. Бірақ иттің сыры иесіне белгілі аналарға мынаның намысын таптатпа, бұл намысшыл неме, егер жазым болса ол дүниеде жауабын сенен алам деген еді. Міне содан бастап Адалбай келінмен баласының қолына қарап қалғанша Қадырдың қасынан екі елі айырылған емес. Тіпті бұл күндері де Ақшоқыда елден ауаша отырған Қадырдың үйіне келіп ит жүгіртіп, аңға шығарда атын ерттеп беретіні бар. Бұған балалары намыстансада қартқа қарсы келе алмайтын. Мынау қара шаңырақ келімсектер келіп ескінің көзін құрту керек деп өртегелі жатқан кезінде Адалбай алып қалған болатын. Қазіргі келімсектердің арқаны азда болса кеңге салған саясаты тұсында етектегі елді былай қойғанда, атпен де машинаменде келіп болыстың қарашаңырағы деп сәлем бере келетіндердің қарасы жетерлік. Олардың көбі әсіресе қыста соғымның жамбасын сыбаға ретінде Қадекеңке әкеліп батасын алып қайтатын. Тіпті көп ел жас балалардың аузына түкірту үшінде арнайы іздеп келетін. Ондай кезде Қадекең мен түкірермін ау тегінде болса тек қалмас дейтін. Ал соғым басына, той-томалаққа Қадекең албаты емес, арнайы үйлерге ғана баратын. Өткен жылдардың бірінде келімсектер ел таңдауымен ауыл басшысын сайлаймыз деп, бір жағы осы елден марқұм Қали болыстың мектебінен оқып, жоғары жерде отырған Қарабектің жамағайындарының біреуінің келуіне байланысты атан түйедей қалап Қадекеңді де шақырған. Келімсектер ауылға келгелі жарты ғасырдан бері қарай, оларды жақын жерден көру түгілі мал жейтін шөпті арамдайсың деп жайлауымен қыстауына табандарын тигізбейтін Қадекең тыжырына әрең соңын ала барған. Сонда әлгі өзінен кәрі қойдың жасындай кіші төрт келімсектің ортасында шүлдірлеп бір нәрселерін айтып таз басын изектеп отыр екен. Қадекеңнің келгенін көріп; - Енді жиынның қортындысына келейік, сіздер ауылға басшы ретінде кімді көрсетесіздер? Мен жауапты аудан басшыларымен ақылдаса келіп олардың көрсетуімен, және бір жағынан өзім осы ауылдың жағдайын жақсы білетіндігімнен әр оқыған жас ретінде, сіздер қарсы болмасаңыздар Есболатты ауыл басшысы сайласақ деймін деп бір тоқтап барып – енді ауылдың ақсақалдарының бірі, көненің көзі ретінде Қадеке сіз не дейсіз деп – ыржия Қадекеңе қарады бұнысы «кезеп дүние кезек, бізде ел билеп отырмыз» деген қыры еді, шақырған сыры да осы болатын. - «құм жилып тас болмас, құл жилып бас болмас» деген ғой, сенің сол тексізіңнен жоғарлап оқи алмасада менің Жандосымның өзі артық – деп Қадекең тобылғы сапты қамшысын төрге кезей сөйлеген. - «Құл неге бас болмайды, сүйеніші Құдайы болса, құм неге тас болмайды, байлаушысы лайы болса» - деп танауыңа қалай тас тықтым дегендей шірене қалды анау. Отырған ел дұрыс-дұрыс деп шұлғығанда - Ей қай кезден бері Құдайды ауызға алатын болғансыңдар? Құдай жоқ деп қақсап жүрген сендер емеспе едіңдер, сендердің Құдайларыңды білемін қуарай қойсақта соған бағын дейтін анау жаныңда отырған келімсектер емеспе? Ие жетіскен екенсіңдер, жеткізеді ұрпағыңды... – деп сөздің соңын айтпай шыға жөнелген еді. Үйден немерелері мен келінін шығарып жіберген Қадекең - Сен менің артымнан қоса кетпей ол келгенше күт, оны көріп барасың, мен таң намазын оқып болып жүремін сүйегімді етектегі елдің қабіріне емес ата қонысым мына Жауыр төбенің үстінегі ескі моланың шетіне өзіңе көрсеткен жерге жерлерсің. Ондағылар мен білсем жаңағы жырдағыдай бастыны еңкейткен, тізеліні бүктірген бабаларым шығар. Ана антұрған келімсектермен қол жаулықтары албаты жерді жараламаңдар деп рұқсат бермес, сол үшін олар келмей тұрып ертең түске дейін сүйегімді шығартқыз. Мен саған разымын арттағыларға ие бол, бәрінен бұрын оны көріп барарсың. Ал мына жауырынды Айдос Алматыға мұражайға апарып берсін, алаш баласы көрсін. Онда оқымыстылар көп қой біреуі болмаса біреуі танып оқыр. Төр жайлауға ел енді қонып жатқан кез. Адалбай ақсақал Жауыр төбеде қабырдан «жатқан жерің жәннәт болсын» үш рет шымшым топырақ алып үгітіп жерге тастадыда, қыбылаға қарап отырып құран аяттарын оқып қол жайып ұзақ дұғаның соңында дауысын шығара «Е, Жаратушы жалғыз ием! маған осы жерден досымның қасынан топырақ бұйырта көр, ұлдарымыздың құлдықтан, қыздарымыздың күңдіктен құтқар, келімсектердің табанының таптауынан шығатын күнге жеткізе көр» деп сақалын жуған жаспен бірге бетін сипады. Орнынан тұрып жанқалтасынан бидай дәндерін алып шығып қабірге шашты да «Е, Қадеке тыңдап жатқан боларсың, ол келді құймышағында тәңірдің көк таңбасы, жауырынында бармақтай қалы бар, өзің айтқаның бойынша азан шақырып атын Күлтегін деп қойдым. Аманатыңды орындадым менде енді көп кешікпей барармын» деп бейітке белгіге қойлыған жапырағы жайқалып тұрған жас алма ағашықа сүйене берді.

Untitled

ӘЛІБЕК Ыдырыс

demeu2

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар