Қазақстандағы ең бай бес адамның тізімі

/uploads/thumbnail/20170708171137396_small.jpg

АҚШ-тың танымал Forbes іскерлік журналы  2015 жылы наурыздағы мағлұматтар бойынша әлемнің ең бай адамдарының тізімін жасаған болатын.

33ce53cee7f86f4b333a3387afe

Рейтингке қазақстандықтардың ішінде бес азамат - Болат Өтемұратов, Әлижан Ибрагимов, Тимур мен Динара Құлыбаевтар, Владимир Ким кіріп отыр.

Ең бай қазақстандық деп ҚР Теннис федерациясының президенті, кәсіпкер Болат Өтемұратов танылды. 57 жастағы кәсіпкердің байлығы шамамен 2,6 млрд. долларға тең. Былтыр оның қаражаты 2,2 млрд. долларға тең болатын. Жалпы тізімде Өтемұратов 714-орында тұр. Өтемұратовтың ең бірінші ірі жобасы - «АТФ Банк» компаниясы болды. Оны кәсіпкер Италияның UniCredit компаниясына сатып, мол табыс тапты. Кейін микронесиелер беретін Kassa Nova  мен кәсіпкерлерге қызмет істейтін  ForteBank банктерін ашты. Былтыр миллиардер «Самұрық-Қазына» қорынан Темірбанк және Альянсбанк банктарының белгілі көлемдегі акцияларын сатып алған болатын. Сонымен қатар Болат Өтемұратовтың иелігінде Қазақстанда және өзге де елдерде қонақүйлер желісі бар.

alizhan

Қазақстандық миллиардерлердің екінші орнын әлемнің ең ірі өндірушілердің бірі ENRC компаниясының акционері және «Еуразиялық банк» АҚ Әлижан Ибрагимов иеленді. Кен өндіру арқылы байыған кәсіпкердің бар байлығы 2,2 млрд. долларға бағаланған. 2014 жылы бұл көрсеткіш 1,7 млрд. доллар шамасында болды. Forbes тізімінің жалпы рейтингісінде ол 847-орында.

fdd1abbd06f5b002de9889939b3e4bfc

Ал Құлыбаевтар жанұясы 894-орынға жайғасқан. Олардың әрқайсысында 2,1 млрд. доллардан бар. Былтыр олардың байлығы 1,8 млрд. долларға бағаланған болатын. Журнал олардың қызмет саласын банк ісі деп көрсеткен. Динара Құлыбаева Қазақстанның халық банкі компаниясының акционері екені белгілі. Тимур Құлыбаев болса, Қазақстанның мұнай-газ секторында ірі ойыншылардың бірі.

17eebe5e9de6e2dec40210d0bbe5f8c8

Ол Ресейдің ең ірі мұнай-газ компаниясы - «Газпромның» директорлар кеңесінің мүшесі, «KAZENERGY» қауымдастығының, Қазақстан кәсіпкерлер палатасының Президиум басшысы және Қазақстан бокс федерациясының президенті болып табылады.

7f1754d4f592e1ca4c5ac255e329370f Мыс магнаты Владимир Ким 1,8 млрд. доллармен көш соңын түйіндеді. Ол жалпы рейтингте 1054 орында тұр. Қазіргі уақытта В.Ким KAZ Minerals компаниясының (бұрынғы «Қазақмыс») мажоритарлы акционері. inform.kz

Қатысты Мақалалар