Cайлау туралы талай постар жазылыпты, әлі де жазылатын шығар?!!! Дегенмен, ҚАЗАҚ деген ұлттың өкілі ретінде, осы сайлаудың жақсы өткеніне әрбір қазақ мүдделі екені рас. Қазақстанның әлем алдындағы беделі (имидж) осы сайлау арқылы анықталатыны да өтірік емес. Онда, үміткерлердің білімді де, білікті, саясат пен экономикадан хабары бар, мемлекеттік тілді жақсы меңгерген,теледебаттарға қатысып сайлаушыларға өз ойын жеткізе алатын азаматтар болғаны абзал болар еді... Өткенде, осы сайлауға Амантай - қажы қатысады дегенді оқып, біртүрлі сезімде болдым. Әрине, ол кісінің өз еркі, конституциялық құқығын пайдалансын. Дегенмен, тоқалдан басқа айтар сөзі жоқ, бейбіт кезде "аттандап" жүрген ақсақалдың қатысқаны қалай болар екен? Енді, Телібековты президенттікке теліп жатқан көрінеді...
Қазақшасы "қатып қалған" Мэлс Елеусизовтің өзіне "КРИЗИС - МЕНЕДЖЕР" деген атақ беріп қойғаны, құлаққа біртүрлі естіледі екен...Ғани Қасымов қатыспайтыны туралы телеарнадан айтты... Сайлау - үлкен саяси науқан болғандықтан, саяси сараптама жасай алатын, экономикалық - әлеуметтік мәселелерден хабары бар, бюджет пен стратегиялық нысандардың мемлекеттік ролі мен сыртқы және ішкі саясаттан хабары бар үміткерлердің болғаныны біздер үшін өте маңызды... Сайлауға сайқымазақтар (клоун, скоморох) қатысса, әлем алдында абыроймыз айрандай төгіліп қалмайды ма, - деген қауіптен туындаған ойлар еді, Достар!!!
Сәбетқазы Нұрсила, Facebook парақшасынан