Бүгін Израил әскерлері палестиналық 16 жасар баланы аяусыз итке талатты. Бұл туралы әлемдік бұқаралық ақпарат құралдары жаза бастады деп хабарлайды Qamshy.kz порталы.
Жан түршігерлік видео ролик Израидің бұрынғы депутатының әлеуметтік желідегі жеке парақшасына жарияланған.Аталмыш видео роликте Израил әскерлері тұтқынға алынған 16 жастағы палистиналық Хамза Әбу Хашим есімді баланы аяусыз қызметтік итке талатқан көріністер бейнеленген.
Тіпті, абалаған иттерге әбден таланған Хамзаның жан түршігерлік хәлін көріп, араша түспек болған бір солдатты өзге әріптестері "қорқақ, бейшара" деп мазақтаған.
Оқиға Израилдің батысындағы Әль-Халил кентінде орын алған. Бүгінде аталмыш бейне-ролик әлеуметтік ортада үлкен резонас тудырғанын айта кету керек.
16 жастағы Палистина тұрғыны Израил әскерлеріне тас лақтырғаны үшін тұтқындалып, 6 айға темір торға тоғытылған және Хамзаға осы әрекеті үшін 1000 доллар көлемінде айыппұл салынған.
Кеше АҚШ президенті Барак Обама аталмыш инцидиентке байланысты Конгресс алдында сөз сөйледі. Сондай-ақ, Конгресстің 56 мүшесі Израил-АҚШ арасындағы қарым-қатынастарды тізбелей келе, наразылық ретінде бойкот жариялаған.
Ал бірқатар Батыс елдерлі Израил мемлекетінің Иранның ядролық қаруы туралы бағдарламасын қолдағанын сынға алуда.
http://youtu.be/Ukwc8iGuScM Нұрзат Тоғжан