Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың үкімімен Мұхтар Абрарұлы Құл-Мұхамед Президент кеңесшісі қызметінен босатылды деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. Мұхтар Абрарұлы- Қазақстан Республикасының Мәдениет және ақпарат министрі, мемлекет қайраткері, тарих ғылымдарының докторы (1995), заң ғылымдарының докторы (1999), профессор (2000). Нью-Йорк академиясының толық мүшесі (1997), "Атамұра" корпоациясының презденті (1992-99), ҚРМәдениет және ақпарат, қоғамдық келісім министрі (2001-03), ҚР Президентінің кеңесшісі (2003-07), Қызылорда облысының әкімі (2007-08), ҚР Мәдениет және ақпарат министрі (2008-10) қызметтерін атқарған. 2010 жылдан ҚР мәдениет министрі қызметіне қайта тағайындалып, кейін Президент Кеңесшісі лауазымына ие болған. 100-ден астам ғылыми жарияланымдардың авторы. Ғылыми-зерттеуші ретіндегі еңбектерінің негізгі тақырыбы - қазақ мемлекеті менқұқығының тарихы, түркі халықтарының тарихы мен мәдениеті, руханият пен өркениет мәселелері. Мемлекеттік сыйлықтың иегері, "Құрмет" орденімен марапатталған.