Сіздің өлуге қақыңыз жоқ

/uploads/thumbnail/20170708171219388_small.jpg

Өкпе Егер сіз тамағыңызды уақытында ішпесеңіз, мен сізді мүлде көрмей кетем. Өкпелеймін. Сіз әжетханаға бармай, өзіңізді өзіңіз қинасаңыз, мен бүк түсіп теріс қарап жатып қалам. Егер сіз болмасаңыз, күн де уақытында шықпайтын болды. Күллі әлем сізге арқа сүйеп алды. Бізге жаныңыз ашыса, ауырмаңыз! Иә, иә. Біз десеңіз, өлмеңіз. Өлгіңіз келсе де өлмеңіз. Сіздің оған қақыңыз жоқ!

Иә, біз оған жол бермейміз. Барша халық болып талап етеміз. Сіз уақытында демалыңыз. Әр нәрсеге, ұсақ-түйекке бас қатыра бермеңіз, жүйкеңізді сақтаңыз. Сіз бізге керексіз! Егер осы сайлауға түспесеңіз, біз аштық жариялаймыз. Өзіңіз білесіз, бізді елдегі өзге мәселе ойландырмайды. Ал, сіздің сайлауға қатыспағаныңызға бей-жай қарай алмаймыз! Біз халықтың атынан сұранамыз. Айтпақшы, халық та сұранып жатыр. Ел арасына шыға қалсақ, ең бірінші сұрайтыны – сіз! Қарны ашып жүрген жоқ па? Ұйқысы қанық па? Бізді қойшы, сол кісі аман болсын дейді.

(Қанағат Әбілқайырдың фейсбуктегі парақшасынан)

Қатысты Мақалалар