ОҚО-да 29 жастағы келіншек 8 баланың анасы атанды

/uploads/thumbnail/20170708171224141_small.jpg

Шымкентте үшем дүниеге келдi. Үшеуi де қыз бала. Әрқайсысының салмағы 2,5 келiден деп хабарлады "Оңтүстік Қазақстан" газеті.

Үшемнiң анасы Құралай Тағаева 29 жасында сегiз сәби сүйiп, көпбалалы ана атанып отыр.

"Үш қызымнан бөлек бес перзентiм бар. Оның екеуi егiз. Үшемнiң алдында егiз қыздарымды босанған болатынмын. Ендi жетi қыз және бiр ұлдың анасымын", – дейдi қазығұрттық Құралай.

Көпбалалы ана егiз қыздары мен үшемдерiн босану кезiнде сапалы медициналық қызметiн көрсетiп, көмегiн ұсынған Шымкент қаласындағы №1 перинаталдық орталықтың бас дәрiгерi мен мейірбикелеріне алғыс айтты.

Оңтүстік Қазақстан облысы туу көрсеткiшi бойынша республикада алдыңғы орында. Бұл аймақта егiздер мен үшемдердiң дүниеге келуi ерекше жаңалық емес. Төртем туған ана да - осы өңiрден.

Қатысты Мақалалар