Астана. 5 Наурыз. Qamshy.kz – Қазақстан Республикасындағы кәсіпорындардың Ұлттық бизнес-рейтингісінде «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясы 2013-2014 жылдардың қортындысы бойынша «Сала көшбасшысы» атанды.
Астана қаласында өткен ХХІІІ халықаралық экономикалық форум аясында «Нұр Қазақстан» қажылық компаниясына, Қазақстан экономикасының дамуына үлес қосқаны, өндірістік қызметтің жоғары стандарттарын қалыптастырғаны, тиімділік және елдің құқықтық экономикалық тұрғыдан дамыған мемлекет ретіндегі халықаралық беделін қолдағаны үшін берілетін «Сала көшбасшысы» қабырға медалі табысталды. Сонымен қатар, ауқымы мен төлем қабілеттілігі инвестициялық тартымдылыққа ие болуға мүмкіндік беретін және Қазақстан экономикасының дамуына әлеуметтік үлес қосатын шаруашылық қызметінің субъектілеріне, белгілі бір саладағы экономика көшбасшыларына табысталады «Сала көшбасшысы 2014» ұлттық сертификаты берілді. Компания президенті Амангелді қажы Еренғайыпұлы Мемлекеттік экономиканы дамыту және Қазақстанның халықаралық беделін нығайту саласында Отан алдында ерен еңбек еткен тұлғаларға жан аямастан жоғары қоғамдық қызмет ету үлгісін көрсеткен айрықша еңбек жетістіктері үшін берілетін «Даңық жұлдызы. Қазақстан экономикасы» орденімен марапатталды. Сондай-ақ, компания есепшісі Нұргүл қажы Малаева «Жыл маманы-2014» (жеке сертификат) атанды. «Жыл маманы» жеке сертификаты – экономикалық және әлеуметтік-мәдени қызметінің белгілі бір саласында жұмыс істейтін, әдетте, ұзақ мерзім ішіндегі қызметі мен басқару бағытындағы жоғары еңбек жетістіктері және кәсіби шеберлігі атап өтілген тұлғалары марапатталады. Ал, компания қызметкері Сыдықбаева Гүлнира Қызмет көрсету саласындағы ұзақ жылдық қызметі, қызметтерде жоғары еңбек жетістіктерімен және кәсіби шеберлігімен ерекшеленген тұлғаларға берілетін Еңбек жолындағы «Сіңірген еңбегі және жетістіктері үшін» медалымен марапатталды. Еске сала кетейік, Ұлттық бизнес-орталығы кешенді халықаралық рейтингтік жоба болып табылады. ҰБР – Ұлттық бизнес-рейтинг. Бұл кешенді халықаралық рейтингтік жоба, ТМД елдері мен Кеден одағында кәсіпорын нақты қызметіне баға беруші жетекші коммерциялық емес жалпы мемлекеттік рейтинг ретінде кеңінен танымал. Аталмыш медалдар мен сетификаттар ТМД мемлекеттеріндегі қажылық сапарын ұйымдастырушы компаниялар арасында алғаш рет «Нұр-Қазақстан» қажылық компаниясына беріліп отыр. Оразбек САПАРХАН
