Нұрлан Әлімжан Қарағандыда шығармашылық кешін өткізді

/uploads/thumbnail/20170708171234991_small.jpg

Күні кеше облыстық С.Сейфуллин атындағы Қазақ драма театрында Нұрлан Әлімжанның шығармашылық кеші өтті.

Нұрлан Әлімжан – ҚР еңбек сіңірген қайраткері, композитор, әнші әрі әртіс, «Көшбасшы жолы» киноэпопеясында басты рөлді сомдаушы тұлға.

Шахта астанасында бірнеше мәрте қонақта болған әртіс қарағандылықтарды өз өнерімен қуантты. Кеш әртіс ойнаған фильмдердің үзіндісін көрсетуден басталды. Артынша хит болып үлгерген әндерін орындап, сахнадан түсті.

Ал 4 наурыз күні Нұрлан Әлімжан Елбасымыз Н.Назарбаевтың маман болып қалыптасуында ерекше рөл атқарған Теміртау қаласында қонақта болды.

Massaget.kz

Қатысты Мақалалар