8 наурыз күні елімізде сатылатын гүл бағасы 100 миллион долларды құрайды

/uploads/thumbnail/20170708171250159_small.jpg

Наурыз мерекесіне орай елімізде гүл бағасы екі есеге өскен.

Осы күнге дейін 1 дана раушан 400 теңгеден саудаланса, қазір оның бағасы 750 теңгені құрап отыр. Флористер бағаның көтерілуін шетелдік әріптестер және жергілікті шаруалармен байланыстырады. Себебі мейрам кезінде сұраныс артады. Оны пайдаланғысы келетіндер де аз емес. "Бір күні жүзден астам, мәселен, 8 наурызда бұл жерге 500-ден астам адам келеді. Мысалы бізде қазір 50 раушан 36 мың теңге тұрады. Біздің жасаған ең қымбат гүл шоғымыз 501 раушаннан тұрады. Оның құны 2500 доллар болды", - деді кәсіпкер Батырхан Жәкей. Экономистердің айтуынша, 8 наурыз күні елімізде сатылатын гүл бағасы 100 миллион долларды құрайтын көрінеді. Ал сұраныстағы гүлдің 70 пайызы шетелден, тек 30 пайызы ғана жергілікті шаруаларға тиеселі екен.
"Алматы" арнасы

Қатысты Мақалалар