"Гей" кім? "Лесбиянка" кім?

/uploads/thumbnail/20170708171259388_small.jpg

Көптен бері жұртты дүрліктіріп жүрген мәселе – біржынысты отбасылардың  құқықтарын заңмен реттеу болатын. Әуел бастан жаратылыс  еркек пен әйелден тұрған.

Бұлар ұрпақ жалғастыру үшін жаратылған. Біздің танымымыздағы отбасы осылардың арасындағы байланыстың көрінісі болатын. Кейінгі кездері біржынысты отбасы деген  ұғым пайда болды. Оларды бәленше емес, түгленше емес, Еуропаның елдері қолдап отыр.  Қоғамнан орын бөліп беріп, құқығын заңмен реттеп, тіпті, әлеуметтік жеңілдіктерден де шеттетпеген оларды.

Сол айтқандарымыз – «Гейлер» мен «Лесбияндар».Былығы мен шылығы көп Батыс үшін бұл қалыпты. Алайда, біз секілді мемлекеттерге, оның ұстанған діні мен тұлғалық қағидаларына мүлдем қайшы бұндай заң есерлік һәм ессіздік болып көрінетіні анық. Әңгімені бұлай бастауымның себебі 26  маусым американдықтар үшін айтарлықтай ерекше күн болып қалды тарихта. Себебі, бұл күні АҚШ жоғарғы соты елдегі біржынысты отбасылардың құқығын теңестіру туралы конституциялық емес заң жобасын мақұлдады осы жылы.

Енді өзара келісім бойынша жанұя құрған біржыныстылар да күнделікті тұрмыстық жеңілдіктерге, алиметке, мемлекеттік төлемақыларға ие бола алады. Олардың отбасын құрып, бала асырып алуларына да рұқсат. Оларға тіпті, мешіт, шіркеу секілді ғибадат орындарында неке қиуларына да мүмкіндік бар. Бірақ, исламда да, христиан дінінде де қағидат бұған қайшы. Англия мен Францияда заң құқықтық күшіне енген.  Масқарасы, АҚШ президенті Барак Обама да осы заңды құптаушылардан болып шықты. Бұлардың қатарында  Нидерланды, Белгия, Испания, Канада, Норвегия және Дания секілді мемлекеттер де бар.  2013 жылдың 12 ақпанынан бастап Францияда бір жынысты неке туралы заң жобасы парламент тарапынан мақұлданды. Ал, Қазақстанда біржынысты негеге заң жүзінде тыйым салынған. Бұл заң  2013 жылдың 18 қаңтарыда заңдық күшіне ие болған еді.

Белгілі қоғам қайраткері Амангелді Айталы: «Қазіргі Еуропаны постхристиандық заман дейді. Себебі, олардың көбі ата-баба дінінен бас тартты. Атейзмге де барған жоқ. Бейтарап бір аурада өмір сүруді жөн тапты. Біз бас иетін батыстың былығын  парламентке жеткізбеу керек. Әйтпеген жағдайда ұлттық құлдырауға ұшыраймыз. Бірде бір топ қазақстандық делегация Белгияға іс-сапармен барғанымызда собордың маңында мерекелік шараға ұқсас думан болып жатыр екен. Бұл не болды екен деп жақын барып едік, екі еркек некелесіп жатыр екен. Кейін шіркеу қызметкерінен бұл масқараның әужайын сұрағанымызда дін қызметкері жыларман күйде «сіздер өз елдеріңізде бұған жол бермеуге тиіссіздер. Өйтпегенде келер ұрпақтың алдында кешірілмес күнаға қаласыздар» деген болатын. Сондықтан біз бүгін бұндай шайтани әрекеттерге жол бермеуіміз керек»—деп еді. Айтпақшы, Қазақстанға танымал әрі қара пиарға құмар әнші Меруерт Түсіпбаеваның: «Менің айналамда қаптаған қызтекелер, еркек деп айтауға келмейтін әлжуаздар қаптап жүр»—деген еді. Сондай мәйегі майысқан, әлжуаз еркектер көптігі қасірет бүгінде.

     Атақты антрополог Эдвард Вестермактың «The History of Human Marriage» атты ғылыми еңбегінде: «Неке-бір немесе бірнеше ер адамның бір немесе бірнеше әйелмен заңмен құпталған бірлескен ұйымы» деп көрсетілген екен.  Шынымен төрт әйелі болған Абайда, үш әйелмен мұсылмандық некеде тұрған Құнанбай да ешқашан еркекке шаппаған ғой. Алайда, соңғы он жылдың ішінде «неке» ұғымы мүлдем өзінің мағынасын жоғалтқан болса керек, жынысы бір адамдар қоғамда іріткі салып жүр. Бұлар психологиялық ауруға душар болғандар дейді мамандар.

     Таразының екінші шетінде: мемлекетті азғындауға душар ету арқылы, рухани һәм адами ұжданына шабуыл жатқандай көрінеді маған. Ұлтты қарусыз жаулау, ұрпақты іріту, шіріту, болашағына балта шабу. Бұл өте тиімді әдіс емей не? Демократиялық бағыт, былай қарасаңыз. Бірақ, бұның артында көздеген бір мақсаттың жатқаны анық!

      Қазір қоғамның өзі бір жыныстыларды өз ортасынан оқшаулауда. Сіз білмессіз - көгілдір еркектердің өздері жік-жікке бөлінеді екен. «Гетро», «метро», «гомо», «андрогины», «транцвистит» т.с.с. Бұл еркектердің жаңа типтері. Естімеген елде көп:Гетросексуалдылық – бұл бір-біріне қарама-қайшы жыныстағылардың арасындағы қарым-қатынас екен. Бұны ең алғаш 1886 жылы Рихард Крафт-Эбинг өзінің «Жыныстық психотопия» атты кітабында жазады. Ал метресексуал дегеніміз – еркектердің жыныс таңдамайтын жаңа түрі. Олар сыртқы келбетіне баса назар аударады. Тіпті жыныс мүшесінің формасына да ерекше көңіл бөлетін, жыныстық қарым-қатынастан шаршамайтын еркектің бір түрі мыс. Гомо –бұл да біржыныстылардың арсындағы сексуалдық қатынас. Енді бірі тіпті масқара. Андрогины деп аталатын бұл түрге жататын еркектер әйелдердің орнына подиумға шығады. Әрине, әйел бейнесінде. Транцвистит деген тағы бір топқа жататын еркектер мүлде жынысын ота жасау арқылы ауыстырып жібергендер. Бұндайлар да бар арамызда. Әуел баста еркектің бір-ақ түрі бар емес пе еді? Ол, жауырыны қақпақтай, жұдырығы тоқпақтай азамат деп айтуға арланбайтын арландар. Әйелінің жары, баласының әкесі, отбасының отағасы – еркек.  Енді, сараптап көрелікші.

    Матриархат құрудың бір жолы емеспе бұл?! Еркек үйдің егесі, әйел үйдің шегесі демей ме дана қазақ. Бастамасын батыстан алған біржынысты отбасы түсінігін көршілес Ресей жатырқай танып, оларға қарсы заң қабылдады. Егер бір жыныстағы азаматтар немесе азаматшалар отбасын құруға талпынса, бұл әрекеттерін насихаттаса заң аясында жауапқа тартылады. Тіпті, бас бостандығынан айырылуы да мүмкін. Қазіргі уақыттаТайланд – осындай біржыныстылардың отаны іспеттес. Бұл жердегі ер азаматардың басым көпшілігі жыныстарын ауыстырған. Бұндай бассыздыққа баруларының бір себебі, Тайланд теңізінде балықтың бір түрі өседі екен. Аталық балық, уақыт өте келе, аналыққа айналып кететін көрінеді. Бұл аңыз оқиға болғанымен астында анау айтарлықтай астар жатыр түсінгенге. Еркектердің езге, әйелдердің жезге айналып бара жатқанын көзіміз көріп жүр. Тіпті, бала тауып байып жатқан еркектерді де әлем әспеттеп жатыр. Қазір Америка біржыныстылардың бұл бастамасын  құптап отыр.  Себебі, Америкалық гейпарадшылардың ұстанған ұстанымы мынадай: «қазір түсінбейтіндермен дауласудан еш пайда жоқ. 50 жылда қоғам өзі-ақ бәрін қабылдайтын болады».  Бұл әзірге нәтежиесіз емес. Батыстық жұлдыздардың  көбі осы бастамашылдардың бұрмалауында. Мысалы әйгілі актер Элтон Джон өзінің жұбы Девид Ферниш екеуі 2005 жылы заңды некеге отырған. Мамандар бұларға қарап психикалық ауытқударға ұшырауы мүмкін дейді. Жоқ, бұл мемлекетті жоюдың жолы, ұлтсыздықтың, ұждансыздықтың көрінісі. Ұлты сұмдық сорақылыққа бастайтын біржыныстылық бұл – бір жұғыс былық. Азған елге тозған арба айдату. Бірте-бірте қоғамда қалыпты жағдайға айналып кететін бұл сұмдыққа ертен өскелең ұрпақ тартылмасына ешкім кепіл бола алмайды. Еске  үсірейікші, кешегі Лут пайғамбардың дәуірінде де адамдар азғындап, гомосексуализм кең етек жайылған еді. Сонда Хақ Тағала оларды жазаламап па еді. Ендеше 50 жыды қоғамда біржыныстылық қалыпқа енетін болса, артында үлкен азаптың, заманақырдың тұрғаны ма?! Тіпті, бүгіннің өзінде балаңыздың басы осындай озбырлықтың ортасында болуы бек мүмкін. Себебі, теледидар, интернеттен гогмосексуализм, лезбилікті күн демей, түн демей насихаттаудамыз. Осыдан-ақ балаңыздың іріген басы шіріген жұмыртқа болмай қайтеді?! Қазақстан заңы қарсы болғанымен елімізде біржынысты неке  кең етек жаюда. Бұлардың қатарында  жастар басым. Жас шамасы 20-30 аралығындағы ер балалар көшеде ұялмастан аймаласып тұрады. Бұл Алматыда. Ал еліміздің басқа қалаларында қаптап жүрген гейлер мен ол тұқымдас шөгенектердің шамасы қанша?

   Біржынысты отбасын құрушыларға қоғам болып, мемлекет болып қарсы тұруымыз керек. Керек болса күресуміз керек. Қазақтың салт-санасына сызат түсіріп,  кері әсер ететін мұндай нәрселерді Қазақстанға кіргізбеуіміз керек. Соңғы кездері шөлмектің шеңгелінен  босамайтын әкелер мен аналардың қоғамда қаптап кетуінен, тәрбиеге көңіл бөлінбей жүргені, кейбір байбатшалардың қағазбастылығынан баланың не істеп, не қойып жүргенінен мүлде бейхабар екені рас-ақ. Отбасындағы әкелік тәрбиенің жеткіліксіздігінен, аналық мейірімнің  азығынан небір жігіттеріміз жібектей майысқан, қыздарымыз  қылығын   жоғалтқан бөденеге айналып бара жатқаны ащы болса да шындық. Гейлер» мен «лесбияндар» лаңы ішке бұққан жыланға айналмасына кім кепіл?!

 Нұргелді Әбдіғани

Қатысты Мақалалар