ОСК: 4 үміткердің ұсынысы кері қайтарылды

/uploads/thumbnail/20170708171411781_small.jpg

Орталық Сайлау Комиссиясы президенттік үміткер болуға ұсыныс білдірген 4 адамның ұсынысын қабалдаудан бас тартты. Бұл туралы Qamshy.kz  порталы хабарлайды. ОСК төрағасы,  Қуандық Тұрғанқұлов: - Сайлауға қатысуға ұсыныс білдірген қос үміткердің жастары Конституциялық талаптарға сай келмейді.  Олардың бірі - "JH-Құрылыс" ЖШС қызметкері, құрылысшы Бақыт Әбдікерімов, екіншісі көлік жүргізуші Сухраб Мырзашев. Осы қос ниет білдірушінің жастары 40-қа толмағандықтан олар сайлауға үміткер ретінде жібірілмейді. Олардың бірі - 37-де, екіншісі - 30-да ғана. ОСК бас хатшысы Бақыт Мелдешовтың айтуынша, үміткерлерді тіркеместен бұрын, оларға талапқа сай келмейтіндіктері ескертілген. Алайда олар "Бұл біздің конституциялық құқығымыз" деп қарсылық білдірген. Орталық Сайлау Комиссиясы үміткер Асқар Сырғабаевты да тіркеуден бас тартты. Себебі, Асқар Сырғабаев мемлекеттік тілді еркін меңгермеген. Ол мемлекеттік тілді еркін меңгергенін тексеретін сынақтан өте алмаған болатын. Сондай-ақ, қазақ тілін жетік меңгеремегені үшін Сайфолла Алдажановтың да өтініші қабылданбаған. Ал ОСК президенттікке үміткерлікке ниет білдіруші Лимана Қойшиеваның мемлекеттік талаптарға толықтай сай екенін ескере отырып, оның ұсынысын қабылдағанын мәлімдеді. Бүгін ОСК үміткер Лимана ханымға  қол жинау қағаздарын беру туралы шешім шығарды. "Алайда президенттіктен үміткер Лимана Қойшиева бүгін Орталық сайлау комиссиясына келіп, қағаздарды алып кетуі керек еді, келмеді. Ол қазір кептелісте тұр",-деді Бақыт Мелдешов. Ал комиссия төрағасы Қуандық Тұрғанқұлов Лимана ханымның  комиссия алдына келуі шарт емес екендігін ескертті. Осыған дейін ОСК президенттікке үміткер ретінде 10 адамның ұсыныс білдіргені туралы қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдары жарыса жазған болатын. Тіпті, ұсыныс білдірушілердің арасында өзге ұлт өкілдері де болған. Қазіргі таңда, президенттікке үміткер ретінде ұсыныс білдірушілер  түрлі сала мамандары ғана. Олардың арасында май құю бекетінің иесі, көлік жүргізушісі, зейнеткер, құрылысшы т.с.с. бар. Алайда, үміткерлердің арасында саяси білімі, ел басқару қабілеті бар, мемлекеттік тілді 100 пайыз меңгерген  тұлға әлі кездескен жоқ.

Қатысты Мақалалар