Еурокомиссия президенті Жан-Клод Юнкер біріккен Еуропа әскерін құру туралы бастама көтерді. Бұл туралы Qamshy.kz порталы хабарлайды. Еуразиялық Одақ басшылары бір ауыздан біріккен еуропа армиясын құру идеясын қолдаған. Еурокомиссия президенті Жан-Клод Юнкердің бұл бастамасына алғашқылардың бірі болып Финляндия президенті үн қатты. Еурокомиссия өкілі Мина Андреев біріккен еуропа армиясын құру туралы идеяны шілдеде өтетін Еуро Одақтың жиынында талқылайтынын айтты. Жақында Еурокомиссия басшысы Жан-Клод Юнкер парламаент мүшелерін біріккен армия құруға шақырған болатын. "Біріккен Еуропа армиясын құру - әлемде болып жатқан түрлі саяси-қоғамдық мәселелерге үн қосу үшін, егер әлемдік саясатта тосын келеңсіздіктер туған жағдайда оперативті әрекет ету үшін маңызды",-деді Жан-Клод Юнкер. Ал еурокмиссия басшысының бұл идеясын бірқатар неміс депутаттары қолдап отыр. Сондай-ақ, біріккен армия құру идеясына Финляндия президенті Саули Ниинисте де қолдау білдірген. Жақын аралықта ЕК президенті ЕО-ның халықаралық саяси-қауіпсіздік жөніндегі жоғарғы өкілі Федерик Могеринимен ақылдаса отырып, біріккен еуропа армиясын құру туралы жоспарын шілдедегі кеңеске әзірлейтіндерін айтты.