Жастар үйленбестен бұрын ВИЧ тестіден өтуі тиіс пе?

/uploads/thumbnail/20170708150918673_small.jpg
Соңғы кезде еліміздегі ВИЧ, СПИД секілді қауіпті дерттердің жыныстық жолмен жұқтыру фактілерінің күрт көбейгені  жастардың  отбасы  құрмай  тұрып,  ВИЧ тексерілуден  өту қажеттігін  туындатып  отыр. 

Сондықтан бұл мәселеге ұлттық қауіпсіздік тұрғысына қарауымыз керек. Көрші Қытай елі жас жұбайларды денсаулығы туралы анықтама әкелген соң ғана некеге тіркейді. Егер жас жұбайлардың біреуі дерт жұқтырған болса немесе денсаулығынан кінәрат табылса, онда оларға некеге отыруға тыйым салынады. Мемлекет тарапынан жастардың денсаулығына деген жауапкершілігін міндеттеу қажет. Осыған орай Қарағанды қаласының салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары «үйленер алдында жас жұбайларды ВИЧ инфекциясына тексерістен өтуін талап ететін заң қабылданса», дейді. Бұл ұсыныс заңдық жолмен бекітілуі тиіс.

http://baq.kz

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар