Қазақ киносы Германияда топ жарды

/uploads/thumbnail/20170708150918401_small.jpg
Немістің  "Берлинале" кинофестивалінде  додаға  түскен  отандық  «Үндестік  сабақтары» ("Уроки Гармонии") фильмінің операторы Әзиз Жамбакиев үздік деп танылып, "Күміс аюмен" сыйлығымен  марапатталды. Фильмді шығарған Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ. Ал  картинаның режиссері − Әмір Байғазин.  

Қазақстан режиссері 

Әмір Байғазиннің

«Үндестік  сабақтары» фильмі 63-ші Берлин кинофестивалінде үздік операторлық жұмыс үшін 

"Күміс аю"

 жүлдесіне ие болды. Салтанатты марапаттау 16 ақпан күні Берлинале сарайында өткен еді.  Отандық фильмнің қоюшы-операторы 

Әзиз Жамбакиевке

 "Күміс аю" өз қолына тапсырылды. Фестиваль барысында бұл фильмді сыншылар мен халықаралық БАҚ өкілдері жоғары бағалаған. «Үндестік  сабақтары» фильмі  − қазақ киносы тарихындағы осындай үлкен жетістікке жеткен алғашқы туынды. Фильмнің түсіру жұмыстары 2012 жылдың шілде айында аяқталды. Бірнеше  күннен кейін фильмнің алғашқы кадрлары Сараево қаласында (Босния және Герцеговина) өткен Халықаралық кинофестивальде көрсетіліп, бас жүлдені жеңіп алды. Көп ұзамай, "Берлинале Әлемдік Кино Қоры" (Berlinale World Cinema Fund) тағайындаған жүлдеге 

қол жеткізді

. Жалпы, бұл фильм – аталмыш Қордың қолдауына ие болған алғашқы қазақстандық жоба. "Уроки гармонии" жобасы 2011 жылы VII Халықаралық "Еуразия" кинофестивалі шеңберінде өткізілген "Қазақстандық киножобалар нарығында" үздік  атанып, "Қазақфильм" киностудиясының қаржылай қолдауына және халықаралық деңгейде танылуына кең мүмкіндік алған  еді. Сөйтіп,  «Қазақфильмнің» үкілеген  үміті  ақталып,  фильм  әлемдік  байқауда   оқ  бойы  озып  шыққан.  Жеңімпаз фильм болашақта әлемдік кинопрокатқа да  шығарылмақ. Естеріңізге  сала  кетейік, аталмыш байқауға  Қазақстан  бірінші  рет қатысып  отырған жоқ.  Осыдан  18 жыл, 1995 жылы  бұрын  режиссер Дәрежан Өмірбаевтың «Кардиограмма» фильмі  жеңімпаз атанған  болатын. Мәліметтер  kinostan.kz сайтынан

Пікір қалдыру

Қатысты Мақалалар