Ақмола облысының орталығы Көкшетауда, облыстағы жалпы орта білім беретін мектеп оқушылары арасында «Жарқын болашақ» атты қазақ тілі олимпиадасының VІІ кезеңі облыстық білім басқармасының ұйымдастыруымен ақпан айының соңында болды. Олимпиада мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, қазақтың ұлттық құндылықтарын үйрену, насихаттау оқушылардың шығармашылық, қабілеттерін шыңдау мақсатында өткізілді. Шараға 17 ауданнан 92 оқушы, Степногорск және Көкшетау қаласының мектептерінен 11 оқушы және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-интернаттардан 19 оқушы – барлығы 122 оқушы 5 бағытта 2 күн қатарынан сайысқа түсті. Жүзден жүйрік шыққан, қазақ тілі олимпиадасы жеңімпаздарын марапаттау Біржан сал атындағы музыкалық коллежде өтті. Жеңімпаздар Ақмола облысы білім басқармасының дипломдары және 1,2,3, дәрежелі диплом, медальдармен сыйланды. Олимпиада 5 бағытта және қазақ, орыс мектептер бойынша екі бөлек сайысты. Орыс мектебінен келіп сайыста нәтиже көрсеткен өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілге деген құрметі мен жанашырлығына ризамыз, әрине. Қазақ елінің суын ішіп, нанын жеген соң, оны ақтауға не жетсін. Жүлдеге жеткендерін атап кетейік. Ел білсін. «Тілші – әдебиетшілер» аталымында Ақкөл аудандық Слепухина И. нәтижелі, «Сөз шеберлері» - де Буланды аудандық Гацебиллер Е. жүлделі 3 орын иеленіп, силанды. Аталым бойынша сайыс талабы және қатысушылар жайлы қысқаша баяндасақ.
«Тілші-әдебиетшілер»байқауының мақсаты – қазақ тілі мен әдебиетін терең меңгерген оқушыларды ынталандыру. Бұл байқауға қатысушылар қазақ тілі мен әдебиетінің бағдарламасы бойынша берілген тест сұрақтарына жауап берді. Аталмыш байқауға 25 оқушы қатысып 8 жүлде иеленді. Жүлдегерлерді Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің оқытушысы -
Жанұзақова А.марапаттады.
«Сөз шеберлері»байқауының мақсаты – қазақ тілінде мәнерлеп сөйлеуге машықтану, сөздің мәнін жете түсініп, табиғатын тану және көркем шығарманы мәнерлеп, нақышына келтіріп оқу арқылы ауызекі сөйлеуге төселту. Бұған 27 оқушы ұлттық құндылықтарды насихаттаған шығарма оқып сайысып, оның 7 жеңімпаз атанды.
Жүлдегерлерді Ш. Құсайынов атындағы облыстық қазақ музыкалық драма театрының әртісі -
Қалқатаев Қмарапаттады.
«Әнші-бұлбұлдар»байқауының мақсаты – қазақтың халық әндері мен қазақ сазгерлерінің шығармаларын насихаттау, талантты жастарды көпшілікке таныту. Сайыскерлерге ұлттық нақыштағы халық әндерін және қазақ сазгерлерінің шығармаларын орындау талап етілді. Әнді жанды дауыспен,
ән сөздерінің анық және тіл үндестігін сақтап жеткізуі, қимыл, сахна мәнері бағаланды. Жеңімпаздарды
«Ақан сері атындағы мәдениет колледжінің оқытушысы -
Фахрутдинова Н.марапаттады.
«Жас ғалымдар»байқауының мақсаты- оқушылар арасында қазақ тілі мен әдебиетін насихаттау. Қорғаушының қазақ тілі мен әдебиетіне бағыттаған ғылыми жобасы тіл табиғатын сақтау, тақырыпты дұрыс таңдағаны, оның шынайылығы, өміршеңдігі бағаланды. Байқауға 20 оқушы қатысып, 7 нәтижеге жетті. Марапатты Шоқан Уәлиханов атындағы КМУ аға оқытушысы, магистр -
Мусин Лжасады.
«Жазушылар»байқауының мақсаты – жасөспірімдерді отансүйгіштік, ерлік, қаhармандық рухында тәрбиелеу, жазуға талапты балалардың қабiлет-қарымын ұштау, қазақ тіліне деген қызығушылықтарын арттыру, шығармашылық ізденіске жұмылдыру сайысына 22 оқушы 120 минут мерзімде берілген тақырыптарға эссе жазып, 8 марапатқа ие болды. .
Жеңімпаздарды «КАТЕV» Халықаралық қоғамдық қорының оқу-тәрбие ісінің жетекшісі -
Сатаев Ммарапаттады. Бес бағыт бойынша жүлделі бірінші орындарға ие болған жеңімпаздарды Ақмола облысы білім басқармасының бас маманы Дүйсенова Ботагөз Балапайқызы марапаттады. «Жарқын болашақ» VІІ облыстық кезеңінің жеңімпаздары:
- «Әнші бұлбұлдар» Қалқатай Аида Көкшетау қаласы, №3 ОДБАММИ 11-сынып оқушысы – І орын;
- «Тілші әдебиетшілер» Хакім Әділет Көкшетау қаласы, № 1 қазақ-түрік лицейі 11-сынып оқушысы – І орын;
- «Жас ғалымдар» Нухай Толғанай Астана қаласы, № 2 ОДБАММИ 11-сынып оқушысы – І орын;
- «Жазушылар» Серікова Бибіхан Целиноград ауданы, № 21 Софиевка ОМ 11-сынып оқушысы – I орын;
- «Сөз шеберлері» Маманов Серікжан Көкшетау қаласы, № 3 ОДБАММИ 10-сынып оқушысы – І орын.
I орын иегерлері 2015 жылы
сәуірде Астана қаласында өтетін олимпиаданың республикалық кезеңінде Ақмола облысының намысын қорғауға жолдама алды. Түйін. Ақмола облысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру жайында, халықтың санасы өскен. Оқу орындарында, мекемелерде қазақша сөйлеу жанданып келеді. Бірақ осы үрдіс, мемлекеттік қызметкерлер арасында, оларды басқарған лауазым иелері арасында ойдағыдай болмай тұр. Керісінше мемлекеттік қызметшілер ресми тілде сөйлеуге құштар. Ал, мемлекеттік тілде өтетін іс шараларға лауазымды шенеуніктер барғысы жоқ. мысалы, осы «Жарқын болашақ» сайысының жеңімпаздарын марапаттау рәсіміне Мәдениет, тіл басқармасынан, мемлекеттік тілдің мәртебесін көтереміз деп, жүрген қоғамдық ұйым басшыларын айтпағанда, сол ұйымдардан өкілде болған жоқ. Тек білім басқармасынан бас маманы ғана келіп, марапат жасады. Оқырман қауымға уәж дәйекті болу үшін марапаттау шылардың аты, жөні, лауазымын, әдейі бергенімді, түсінеді деп, білемін. Қ Журналистер, соның ішінде, өз тілім деп, еңіріеп жүруге тиіс, қазақ тілді ақпарат құралдарынанда өкіл көрінбеді. Жас өскіндердің көңілін көтеріп, жігерін жанып, теле экранда мадақтаса, газеттерде жарияласа, мемлекеттік тілдің мәртебесі денгейне қона қалмасада, қонуға қадам басар еді. Мемлекеттік тілдегенде солтүстік шенеуніктері неге енжар деп, көңіл алаңдаулы.... (Суретте: Олимпиадада бірінші орын иеленген оқушылар)
Дахан Шөкширұлы Жәмші