Білімді ұстаз – мәртебелі мұғалім

/uploads/thumbnail/20170708171428458_small.jpg

Нағыз ұстаз өзінің білімділігімен адами ішкі қасиетімен ерекшеленеді. Деседе адам тәрбиелеу - ұлы міндет. Осы міндетті атқаратын – ұстаз. Ұстаз – рухы таза, ой-өрісі биік, ұлты мен Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісін көрсетуші өз бойындағы асыл қасиеттері мен білімін болашақ ұрпақтың бақыты мен кәдесіне жаратып, қоғамды өркендетуші жүрегі жылы, көңілі дархан адам сондай мадаққа лайықты ұлы ұстазымыздың бірі қара шаңырағымыз әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті ЖОО-ға дейінгі білім беру факультетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі химия ғылымдарының докторы, профессор Наухан Алтайұлы Асанов. Ұлы ұстазым Наухан Алтайұлы ұлағатты биік ұстаздық жолмен жүріп келе жатқанына да 42 жыл толды. Ол кісі 1950 жылы Талдықорған (қазіргі Алматы) облысында дүниеге келген. 1972 жылы Киров атындағы мемлекеттік университетінің химия факультетін бітірген. 1979 жылы химия саласынан кандидаттық диссертация, 2005 жылы педагогика ғылымдарының докторлық диссертациясын қорғаған, 2006 жылы профессор ғылыми атағын алған. Жамбыл жеңіл және тамақ өнеркәсібі технологиялық институтында технология институтында технология факультетінің деканы (1979-1994ж.),одан кейін І.Жансүгіров атындағы Талдықорған мемлекеттік университетінің бірінші проректоры (1994-1997ж.).

1997 жылдан ҚР білім және ғылыми министрлігіне тексеру лицензиялау және атестаттау бөлімінің бастығы қызметін атқарды.

200 жылдан әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті оқу бөлімінің бастығының орынбасары, жаратылыстану факультеттерінің оқу-әдістемелік бөлімінің бастығы (2001-2008 ж.) болып қызмет етті.

2008-2011 жылдары Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі проректоры, Ө.А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық Академиясының ректоры қызметтерін атқарды.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университетінің академиялық мәселелер жөніндегі департамент директоры қызметтерін (2011-2012 ж.) абыроймен атқарып, 2014 жылдың ақпанынан ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі қызметін күні-бүгінге дейінгі атқаруда. Наухан Алтайұлы 180 ғылыми әдістемелік жұмыстың, 4 авторлық куәліктің авторы. 1989-1994 жылдары Жамбыл (қазіргі Тараз) қалалық Кеңесінің депутаты болды. 1995 жылы ҚР Жаратылыстану ғылымдары Академиясының толық мүшесі (академигі) болып сайланды.

әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу ісіндегі елеулі табыстары үшін Қазақ Ұлттық Университетінің ЖОО-ға дейінгі дайындық кафедрасының меңгерушісі Асанов Наухан Алтайұлын «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапаттауға ұсынды.

Президенттің 2014 жылғы 5 желтоқсанындағы жарлығымен марапатталды. Осындай университетіміздің мақтанышы,әрі үлгілі де , өнегелі ұстазымның еңбегі жана берсін.

Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық

университетінің доценті Б.М.Айтуарова

Аға оқытушысы Н.Мәжиқызы

Қатысты Мақалалар