Батыс Қазақстан облысында мұғалімге боқауыз сөз айтқан оқушыға әкімшілік айып тағылды. Бұл туралы Qamshy.kz порталы хабарлайды. Орал қаласында орта мектептің оқушысы сабақ уақытында құлаққаппен әуен тыңдап отырғаны үшін ескерту жасаған мұғалімге қатты дауыс көтерген. Оқытушының ескертуіне құлақ аспаған жасөспірім керісінше мұғалімнің ар-ұжданына тиетін ауыр сөздермен балағаттаған. Сыныптағы барлық балалардың алдында оқушысынан ұятсыз сөздер естіген мұғалім құқық қорғау органына шағымданған. Тиісінше, мұғалімнің арыз-талабын ескерген құқық қорғаушылар оқушының ерсі әрекетіне қатысты әкімшілік протокол толтырған. БҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша аталмыш инцидиентке қатысты тексеру жұмыстары аяқталған. Орал қалалық мамандандырылған ауданаралық соты оқышунуң ата-анасына 13 874 теңге айып пұл салған.