Қарағанды облысында үш оқушы мектепті "жармақ" болған

/uploads/thumbnail/20170708171447222_small.jpg

Қарағанды облысы Балқаш қаласында сегізінші сыныпта оқитын үш оқушы жалған лаңкестікке қатысты деп танылып, күдікті ретінде ұсталды. Бұл туралы облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Полицияның хабарлауынша, 6 наурыз күні 101 нөміріне Балқаш мектептерінің бірінде жарылғыш зат қойылғаны жайында хабарлама түскен. Осыдан кейін оқиға орнына құқық қорғау органдары мен арнайы құтқару қызметі мамандары шұғыл барған.

Тексеру қорытындысы бойынша, мектептен жарылғыш зат табылған жоқ.

"Жедел іздестіру шарасы қолға алынып, полиция қызметкерлері осы мектепте сегізінші сыныпта оқитын үш оқушыны анықтады. Кінәлілердің айтуынша, олар осылай әзілдегісі келген", - делінген хабарламада.

Террорлық акті туралы жалған ақпарат таратқаны үшін оқушыларға қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. "Казинформ"

Қатысты Мақалалар