Көнгіш қазақтың соңғы сөзі

/uploads/thumbnail/20170708171445781_small.jpg

Төрт қазақ Москваға құрылысқа жұмысқа барыпты. Өте жақсы жұмысшылар не айтса да көнгіш орыстарға ұнап қалыпты. Бір күні орыстар бұларды сынап көргісі келіп жұмыс уақытын 12 сағат қылыпты. Қазақтарда қарсылық жоқ. Айлықтарын елу пайызға қысқартыпты. Тағы да үн жоқ. Ешқандай айлық төлемей қойыпты. Сонда да қазақтар жұмысын істеп жүре беріпті. Өз құқығын талап етпейтін мұндай халық көрмеген орыстар ашуланғаны сонша оларды шақырып алып: - Бүгін демалыңдар, ертең сегізде келіңдер сендерді асып өлтіреміз, - дейді. Сол кезде бір қазақ қолын көтеріпті. Орыстар қарсы шығатын бір адам табылғанына қуанып: - Не айтасың айт дейді. Сонда әлгі қазақ: - Арқанды профсоюз бере ме әлде өзіміз әкелейік пе ? - депті ғой.

Есет Қалманов, Facebook парақшасынан

Қатысты Мақалалар