Елбасының сайлауалды компаниясын кім басқарады?

/uploads/thumbnail/20170708171513408_small.jpg

Бүгін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанда 26 сәуірде өтетін кезектен тыс Прездент сайлауына қатысатынын мәлімдеген болатын. Тіпті, Мырзатай Жолдасбеков төрағалық ететін лингвистикалық комиссияның сынақтарынан да сүрінбей өткен. ҚХА ұсынып, Елбасы шешім қабылдап, қазақстандықтар бір ауыздан қолдап, қолпаштап сайлау өткізуге бел шеше кіріскен тұста, биылғы жылғы  сәуірдегі сайлауда Президент Назарбаевтың сайлауалды компанисын кім басқарады деген сұрақ туындайтыны тағы рас.

Осыған дейінгі қос бірдей додада жеңімпаз атануға Президент Назарбаевтың командасы белсенділік танытқанын білесіздер. Президенттің сайлауалды компаниясын кім басқарса да, жақсы сыйақыдан құр қалмайтыны түсінікті.

Мысалы, 2005 жылы Президент Нұрсұлтан Әбішұлын жеңіске жетелеген сол кездегі сайлауалды компания жетекшісі Бақытжан Жұмағұлов еді. Ол "Отан" партиясының атынан Нұрсұлтан Әбішұлының қоғамдық штабын басқарған болатын. Тіпті, Президент Назарбаев Бақытжан Жұмағұловқа "Отан" партиясының бірінші төрағасы лауазымын да берген болатын. Кейіннен "Отан" партиясының құрамына тағы бірнеше саяси күштер қосылады. Сөйтіп, Бақытжан Тұрсынұлы екінші сатыға ығысады.

Алдыңғы екі бірдей сайлау науқанында өзінің қабілеттілігімен көзге түскен Бақытжан Жұмағұлов мырза 2007 жылы бірден мәжілістің вице-спикері атанады. Ал 2008 жылы белгілі бір себептермен жайлы лауазымынан түсіп, ЖОО ректорлығына барады.

Ал 2011 жылғы сайлау науқаны кезінде Мемлекет басшысы барлық даңғаза мерекелерден бас тартып, жолдауда көрсетілген жұмыстардың атқарылуына аса мән береді. Ол кезде "Нұр Отанның" бірінші орынбасары Нұрлан Нығматулин Президентің қоғамдық штабын басқару ісіне бел шеше кіріскен еді. Сайлау науқаны сәтті аяқталысымен Нұрлан  Зайруллаұлы парламенттің төменгі палатасының тізгінін ұстайды. Ал қазір Нығматуллин Президент әкімшілігін басқарады.

Нығматулин Жұмағұловтың қателігін жіберген жоқ. Есесіне оған үлкен саясаттағы тәжірбиесі мен "Нұр Отанды" басқарып тұрған кездегі беделі көп көмегін тигізді дейді сарапшылар.

Биыл ше? Халықтың ықыласын жиып, Президентті орынтағына қайта отырғызатын тұлға кім? Мүмкін "Нұр Отан" партиясының бірінші орынбасары Бауыржан Байбек мырза басқаратын болар. Бірақ кейбіреулер Бауыржан мырзаның іскерлік тәжірибесіне күмәнмен қарайды. Сондықтан жақында ғана Президент кеңесшілігінен босатылған Мұхтар Құл-Мұхаммед мырза осы қызметке лайық сияқты. Сіз қалай ойлайсыз?

Нұрзат Тоғжан

Қатысты Мақалалар