Бүгін балаларымды Оралдың хайуанаттар бағына алып бардым. Жер-жаһанның жануарлар әлемінен кәдімгідей хабар беретін бұл бақтағы мақұлықтардың біразына ат қойылып, оны торындағы тақтайшаларға жазып қойыпты. Және олардың бәріне өзге ұлт өкілдерінің есімі берілген екен. Басында «оу, қазақша ат құрып қалды ма?!» деген бір ой жылт етті де артынан «е, қазақ есімін хайуанға бермегені жөн де шығар» деп ойладым.. (Нұрлан Сәдірдің фейсбуктегі парақшасынан)