Қазақстандық режиссердің фильмі Канн фестивалінде бақ сынайды

/uploads/thumbnail/20170708171618229_small.jpg

Қазақстандық режиссер Әлішер Сүлейменнің "Луна любит Солнце" қысқаметражды фильмі 2015 жылы Канн фестивалінде Short Film Corner бағдарламасына қатысады.

Қазақстандық режиссердің фильмі Канн фестивалінде бақ сынайды

Қазақстан баспасөз клубы "Short Film Corner бағдарламасы байқау емес, алайда бұған қатысудың өзі бір үлкен жетістік екенін айтты. Сондай-ақ фильмді төрткүл дүниеге таныту мүмкіндігі туғанын, туындыны әлемнің түкпір-түкпірінен жиналған атақты продюсерлер тамашалайтынын атап өтті. "Қазақстандық киноиндустрияның өрлеу дәуірін көретін кез жақындап қалғанына сенемін. Өнерге шын берілген талантты жастарымыздың қарасы көбеюде. Қазақстандық фильмнің Канн фестиваліне қатысуы адамдарды бөліп тұрған шекараға қарамастан, бейбітшілік пен келісімнің, мейірімділік пен қайырымдылықтың адамзатқа әрдайым қажет екенін тағы бір мәрте растайды", - дейді кинокартинаның режиссері Әлішер Сүлеймен. Биылғы Канн фестивалінің ерекшелігі, онда алғаш рет әуесқойлық фильмдер қатысады, іріктеу өте қатаң түрде өтті және бұл жолы туындылардың кәсіби деңгейі өткен жылдарға қарағанда әлдеқайда жоғары болмақ. Айта кетсек, "Луна любит Солнце" туындысы қазақстандық режиссердің 1990 жылы шыққан "Құс" картинасының жалғасы.

Bnews.kz

Қатысты Мақалалар