Олжас Сүлейменов: Жер бетінде толық тәуелсіз халық жоқ, оның ішінде қазақ та бар

/uploads/thumbnail/20170708171618714_small.jpg

Меніңше, сұрақтар қазақ­ша да, орысша да болды. Мен орысша жауап бердім. Қате түсінілуі мүмкін аудармасын емес, өзімнің жауабымды беруі керек еді. Мыңдаған тыңдар­мандар мен оқырмандарды адастырмас үшін «еркіндік», «тәуелсіздік», әсіресе, «толық тәуел­сіздік» секіл­ді өте күрделі тақырыпты жеткілікті дайындықсыз адам­дардың ақпараттық кеңіс­тіктерде тал­қы­ламағаны жөн. Саясаттың жоға­ры математика­лық есебін шешуге ұмтылмас бұрын, алдымен сая­сат­тағы көбейту таблицасын меңгеріп алу керек. Көпұлтты Қазақстандағы қазақтардың «то­лық тәуелсіздігі» дегеніміз не? Жүздеген ұлт­тардан құралған 17 миллион халқы бар мем­ле­кет­тің құрамында 10 миллион қазақтың қазір не­месе болашақта толық тәуелсіз болуы мүмкін бе? Журналистер болмасты армандамас бұрын осы сандарға ой жүгіртуі тиіс еді. Сондықтан да осын­­дай құрғақ қиял жастар арасына да таралып кете ме деп қорқамын. 2х2=4 болатыны секілді, жер бетінде толық тәуелсіз ешбір халық жоқ, жә­не ешқашан да болмайтынын естен шы­ғар­маған жөн. ТМД көлемінде бір ғана ұлттан құралған жал­ғыз мемлекет – Армения. Онда бәрі – 100% дер­лік армяндар. Оларды толық тәуелсіз халық деп атауға бола ма? Шынында нағыз бақытты ма? Жоқ. Олар да басқа халықтар секілді алыс- жа­қын көршілерінен тәуелді! Үнемі қауіп күтумен өмір сүреді. Ғайыптан тайып аңқаулар армандағандай ұшан теңіз байлығымыз бен ұшы-қиырсыз кең аймағымызда ат төбеліндей қазақтар өздері жеке қалғанын елестетіп көрейікші. Сонда бізді алдан не күтеді? Толық тәуелсіз, ба­қытты ел бола аламыз ба? Не болатынын мен болжап берейін. Бөлініп ке­теміз. Өткен ғасырлардан бері әлі күнге халық­ты біріктіретін ұлттық сана-сезім қалыптаса ал­ған жоқ. Әзірше жергілікті аталастық, рулық, жүз­дік сана-сезімнің басымдығы байқалады. Бұл пікір­мен ешбір саясаткер таласа алмайды. «Отаншылдардың» кейбірі «толық тәуелсіздік» тура­лы қызулана айта бастаса-ақ, оның негізгі ойы­ның түбінде аталастық, рулық, әрі кеткенде жүз­дік пікір жатқанын түсіне қоямын. Болашақ Адайстан туралы немесе Қазақ елі­нің басқа қиырларындағы осындай жобаларды естімеген ешкім жоқ шығар? Әзірше бізді біріктіріп ұстап тұрған Төртінші жүз – Республикамыздың көп ұлттан құралған халқы. Қазақ халқының тұтастығын сақтау үшін де Төртінші жүзді сақтау керек. Толық тәуелсіздік туралы қиял қай халық үшін де қауіпті саяси инфантилизм. Анығырақ айт­қанда, балалық аңқаулық. Ал Қазақстанның нағыз отаншылдарына не істеу қажет? Республика халықтарының ұлтаралық және тап аралық өзара тәуелділігін саналы түрде жете түсінуіне тәрбиелеуі қажет. Бұл – біздің тұтас­ты­ғымыздың негізгі шарты. Бұл – қазақ халқының болашағының кепілі. Денедегі ағзалар секілді біз­дің халқымыздың ұлттары өзара тәуелді. Кө­п­ұлтты қоғамның асқақ мақсаты – осы! Жүрек, бауыр мен бүйрек басқа ағзалардан толық тәуелсіздікті армандай алмайды. Осы тұ­жырымды халықтың жете түсінуіне көмектесу – Өкімет (экономикалық және ішкі саясаттағы сауаттылығымен) пен қаламгер зиялылардың міндеті. Біз жалпыға бірдей өзара тәуелділіктің Даму Заңдылықтарын біртіндеп түсініп келеміз. Планетамыздағы алыс-жақын көршілерімізбен өзара тәуелділігіміз туралы білігімізді үнемі жетілдіріп отыруды естен шығармауымыз керек. Мыңдаған жылдар өзара қарым-қатынастағы, 7 мың километрге созылып жатқан ресми ортақ ше­карамыз бар Ресейден толық тәуелсіз бола ала­мыз ба? Немесе Қытайдан? Сондай-ақ, Қыр­ғыз, Өзбек, Түркмен, Әзірбайжаннан? Қазір де, ешқашан да бола алмаймыз! Біз де, сондай-ақ, олар да бір-бірімізден өзара тәуелділігімізді терең ұғына алсақ қана бейбіт қатар өмір сүріп, әрқайсысымыздың да қалаға­ны­мызша өсіп-өркендеуімізге қолайлы жағдай туындайды. Алғаш 1979 жылы Ташкентте өткен Азия мен Аф­рика елдері жазушыларының конфе­рен­ция­сын­дағы баяндамамда жариялаған менің философиям – осы. Содан бері барлық құрлықтар мен ха­лықаралық кездесулерде жетілдіре түсіп, ха­лы­қ­аралық жағдайларды сараптай отыра, ұста­нымымның дұрыстығына көзімді жеткізіп ке­ле­мін. Кеңестер Одағы тарағанға дейін мен нәсілдік кемсітушілікті айыптайтын Халықаралық Три­бунал­дың мүшесі ретінде Африканың, Азия мен Оңтүстік Американың соғыс өрті шарпыған ел­дері – Ангола, Мозамбик, Эфиопия, Руанда, Ау­ғанстан, Камбоджа, Ливанда болдым. 90-шы жыл­дары соғыс өрті тұтанған Әзербайжан, Грузия, Чечня, Ингушетия, Молдова, Тәжікстанға ара ағайындық мәмлегерлікпен бардым. Бай­қа­ға­ным, сол елдердегі соғыс өздерінің аралас ұлт­ты мемлекеттеріндегі этностарды толық тә­уел­сіздікке жеткізбекші болған саясаткерлердің тә­жірибесіздігінен басталған. Украинадағы қа­зір­гі жағдай да осындай. Мен секілді көп жасаған, ел арасына соғыс өр­тін тұтатуға себеп болған қиын түйіндерді ше­шу­ге атсалысып, келісімге қол жеткізуде мол тә­жі­рибе жинақтаған бірде-бір қазақ жоқ бола тұ­ра, ұлтаралық қатынастардан білері аз кей­бі­реулердің отаншыл емес деп, ел алдында ақыл ай­тып, ашықтан-ашық айыптайтынына таң­ға­лам. Тағы да косып айтарым: Қазақтар түгілі, 17 миллион халықтың иелі­гін­дегі мұнайы, металы, алтыны, күмісі, ураны, кө­мірі – Менделеев таблицасының бар бай­лы­ғы­на тұнып тұрған 2 миллион 700 мың шаршы ки­­лометр аймаққа қоса жүздеген миллион гектар құнарлы егіс алқаптары мен жайылымдық жер­лері бар мемлекетімізге де көршілерінен то­лық тәуелсіз болуға болмайды. Ал көршілеріміз – Ресей 150 миллион, Қытай – 1 миллиард 300 миллион, Өзбекстан – 30 мил­лион, тағысын-тағылар. Кім бізге өзіміз игере алмайтын осынша бай­лық­ты жеке билетіп қояды. Ашығын айтқанда, бізді құтқаратын Ресеймен тарихи қалыптасқан достығымыз! Нағыз қа­зақ отаншылдары осыны мойындауы тиіс, ал бұл достықты бұзуға тырысатындар, шындығында Қазақ елінің болашағына қарсы әрекет жасап жүргендер.

Олжас Сүлейменов, "Қазақ әдебиеті" газетінен

Қатысты Мақалалар