Қазақстандағы танымал екі саясаттанушы тоқал алу мәселесін заңдастыруға қатысты ойларымен бөлісті.
Бұл туралы anabol.kz сайты хабарлайды.
Саясаттанушы Мақсат Жақау 2 немесе 4 әйел алуды заңдастыру уақыт талабы екенін айтты.
"Заңдастыру дегеніміз - әйелдердің құқықтық-материалдық мүмкіндіктерге ие болуы. Өйткені, тоқал алуды заңдастырмау азаматтық жауапкершілігі анықталмаған азаматтық некенің нысанымен ғана шектеледі. Екінші мәселе, сол әйелден туылған балалары болса, олардың да толық отбасыда өмір сүруіне, баланың толық қолжетімді дүниелеріне жол ашылады", -дейді Мақсат Жақау.
Ал танымал саясаттанушы Айдос Сарым тоқал алуды заңдастырудың қажеті жоқтығын, тіпті, бұл мемлекет дәрежесіне көтеретіндей мәселе еместігін айтады.