Видео ойын 4 адамның өліміне себепші болды (видео)

/uploads/thumbnail/20180827104801640_small.jpg

«Джексонвилл қаласында атыс болды. Картада көрсетілген ауданға жақындамаңыздар. Ол жер өте қауіпті. Бұл БАҚ-қа да қатысты» деген хабарлама жарияланды АҚШ полициясының Twitter парақшасында.

twitter

Полиция атыстың салдарынан көз жұмғандардың көп екенін айтады. News4Jax телеарнасының мәліметінше, төрт адам қайтыс болды, 11 адам жарақаттанды. Reuters агенттігінің хабарлауынша, атыс спорт кибертурнирінің трансляциясы жүріп жатқанда, қаладағы мейрамханалардың бірінде болған.

Los Angeles Times-тың мәліметіне сәйкес, кибертурнирге қатысушы Madden NFL ойынында жеңіліс тапқаны үшін адамдарды ата бастаған.

Ресми емес деректерге сәйкес, қылмыскердің есімі Дерек Джонс. Ол бұған дейін өзінің Twitter парақшасында біреуді өлтіргісі келетінін жазған. Қазір оның парақшасы бұғатталған.

Атыс бейне камераға түсіп қалған. Ол YouTube желісінде жарияланды. Кадрдан ойын процессін көруге болады. Бір уақытта комментатордың дауысын оқтың дауысы бөліп жіберді. Одан кейін куәгерлер мен жарақаттанғандардың шыңғырған дауысы шығады.

Полицияның мәліметіне сәйкес, қылмыскер өзін де атып тастаған. Полицейлер оның сыбайласы бар болуы мүмкін екенін айтады.  

Қатысты Мақалалар