Ақын ішіндегісін өлең жазу арқылы шығарады, биші билейді, әнші ән айтады. Ал суретшінің жан-сырын оның картиналарына қарап-ақ тани аласың. Алайда ол картиналардың құпиясын түсіну үшін де адамға өнер керек. Түсіне алмағандар суретшіні «ақымаққа» теңер, түсінгендер картина үшін миллиондаған қаржысын беруге дайын. Тіпті «біртүрлі» картиналарды көру үшін, көріп қана қоймай оны сатып алу үшін әлемнің түкпір-түкпірінен коллекционерлер жиналады. Сөйтіп картиналар саудаға түседі. Ал картина авторлары туындысы үшін бір күнде байып шыға келеді.
Ал біз миллиондаған долларға сатылған 10 заманауи картинаны назарларыңызға ұсынамыз. Бәлкім мағынасын сіз түсінерсіз...
«Кеңістік концепциясы»
Лучо Фонтан - $1 500 000
«Белгісіз»
Марк Ротка - $28 000 000
«Көгілдір ақымақ»
Кристофер Вул - $5 000 000
«Ақ жалын I»
Барнетт Ньюман - $3 800 000
«Белгісіз»
Сай Твомбли - $2 300 000
«Ит»
Жоан Миро - $2 200 000
«Белгісіз перде» немесе «Стофбилд»
Блинк Палермо - $1 700 000
«Ковбой»
Элсворт Келли - $1 700 000
«Жасыл-ақ»
Элсворт Келли - $1 600 000
«Қанды қызыл айна»
Герхардт Рихтер - $1 000 000
Пікір қалдыру