Маңғыстауда қоқыс сұрыптау станциясының құрылысы аяқталды

/uploads/thumbnail/20181022162018429_small.jpg

Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылына жақын жерде қуаты жылына 50 000 тонна қалдықтарды сұрыптау станциясының құрылысы аяқталды.

Бұл жөнінде маңғыстау облысының әкімі Ералы Лұқпанұлының төрағалығымен өткен аппарат жиынында табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы Дүйсен Құсбеков мәлімдеді. Жиынның күн тәртібінде бірнеше мәселе қаралды. Соның бірі – тұрмыстық қатты қалдықтарды қайта өңдеу және өңдеу.

-2018 жылдың 8 айында полигонда өңірдегі 129 521 тонна қатты қалдықтың 10 254 тоннасы өңделді. 10 093 немесе (49%) қоқыс контейнерлері орнатылды, - деді Дүйсен Құсбеков.

Маңғыстау облысында санитарлық нормаларға сәйкес келетін қатты тұрмыстық қалдықтарға арналған 8 полигон бар: Ақтау, Жаңаөзен, Форт - Шевченко, Бейнеу, Құрық, Жетібай, Шетпе, Қаламқас кен орны. Жаңаөзенде қуаттылығы 2,2 млн м3 қатты тұрмыстық қалдықтарды қайта өңдеу және кәдеге жарату зауыты жұмыс істейді.

Дүйсен Құсбековтың айтуынша, Мұнайлыдағы станцияда полигонда көмуге тыйым салынған 8 фракцияның қалдықтары сұрыпталмақ.

Қатысты Мақалалар