Жыл басынан бері Ақтөбе облысына 36 мыңнан астам шетелдіктер келді

/uploads/thumbnail/20181107121043466_small.jpg

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Ақтөбе облысы ІІД Көші-қон қызметі басқармасының сыртқы көші-қон бөлімінің бастығы Олбике Успанова хабарлады.

Оның айтуынша, облыс аумағында тұрақты түрде 7 мыңға жуық алыс және жақын шетел азаматтары тұрады.

* 9 ай ішінде Ақтөбе облысына 36 мыңнан астам шетелдіктер келіп, тіркелді. Азаматтардың басым көпшілігі Өзбекстан, Ресей, Әзірбайжан, Тәжікстан және Қырғызстаннан келген. 1775 шетел азаматы әкімшілік жауапкершілікке тартылды, 476 шетелдік елден шығарылды, ал ҚР-на шетелдіктерді алып келудегі ережені бұзғандары үшін 239 қазақстандық жауапкершілікке тартылса, заңсыз еңбек қызметін жүзеге асырған 687 шетелдік, сонымен қатар, шетелдік жұмыс күшін заңсыз тартқаны үшін 102 жұмыс берушілер жауапкершілікке тартылды, - деді Олбике Успанова.

Бүгінде 325 шетелдіктер Қазақстан азаматтығын қабылдады. Өңірге 402 шетел азаматы тұрақты тұруға келсе, ал ҚР-ның 1400 азаматы басқа мемлекеттерге тұрақты қоныстану мақсатында көшіп кеткен. Жалпы, жыл басынан бері шетелдіктерге 17 түрлі 303 мыңнан астам мемлекеттік қызмет түрлері көрсетілді. Ел аумағына келген шетелдіктерге мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту, оларға қолайлы жағдай жасаумен қатар, қызмет көрсету мерзімін 5 күннен 1 сағатқа дейін қысқарту мақсатында Ақтөбеде көші-қон орталығы ашылды. Орталық Сыбайлас жемқорлықты болдырмау және қызмет беруші мен қызмет алушылар арасындағы байланыстарды тоқтату үшін «бір терезе» қағидаты бойынша жұмыс жасайды. Шетелдіктерге күн сайын 10 түрлі 200-ге жуық мемлекеттік қызмет көрсетіледі. Соның ішінде, оларға ҚР-да тұрақты тұруға рұқсат беру құжаттарын ресімдеуге, алыс және жақын мемлекеттерден келген азаматтарды уақытша тіркеуді ресімдеу мен еңбек иммигранттарына уақытша және тұрақты рұқсат беруді ресімдеуге, сондай-ақ т.б жұмыстар бойынша қызмет көрсетіледі.

Қатысты Мақалалар