Ақтөбе облысында Студенттік лига құрылды

/uploads/thumbnail/20181107121718308_small.jpg

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында облыстық жастар саясаты мəселелері басқармасының басшысы Нұрлан Күнтуов мəлімдеді.

"Мемлекет басшысы "Қазақстандықтардың əл-ауқатының өсуі: табыс пен өмір сүру сапасының артуы" атты Жолдауында спорт ғимараттарын, əсіресе оларды оқу орындарында тиімді пайдалану бойынша біздің алдымызға міндеттер қойды. Президенттің тапсырмасын орындау мақсатында 12 қазан мен 9 қараша аралығында "Студенттік лига" өткізіледі. Жарыс Марат Оспанов атындағы БҚММУ-нің базасында өтеді",-деді Нұрлан Күнтуов.

Оның айтуынша, "Студенттік лига" аймақ арасында ЖОО-ның ынтымақтастығын нығайту, жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау, сонымен қатар оларды ұйымшылдыққа, командалық қарым-қатынасқа тарту жəне жастардың спорттық-бұқаралық ойындарға деген қызығушылықтарын арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында өткізіледі.

Жарыс шахмат, үстел теннисі, тоғызқұмалақ, волейбол жəне баскетбол секілді спорттың бес түрінен өтетін болады. Оған ЖОО-нан 200 студент қатысады.

Айта кетейік, Ақтөбеде 24 мың студент оқитын 6 жоғары оқу орны жұмыс жасайды.

Қатысты Мақалалар